Вопрос-ответ

Вы находитесь в рубрике «Вопрос-ответ» официального интернет-ресурса Национальной академии образования имени И.Алтынсарина.

Обращаем ваше внимание на то, что вопрос не должен быть задан в оскорбительном тоне, с использованием нецензурных выражений. Вопрос следует изложить лаконично и по существу.

Вопрос, содержание которого не может быть достоверно и корректно понято из-за большого количества орфографических ошибок, сокращений и аббревиатур, не рассматривается.

Редакция сайта имеет право удалять вопросы, не соответствующие вышеизложенным требованиям, без предоставления на них ответов.

Прежде чем задать вопрос, пожалуйста, просмотрите, ответы на какие вопросы уже были даны. Возможно, там Вы найдете ответ на свой вопрос.

Мадина Борашқызы Ахатаева
06 Сентября 2021
Вопрос / Обращение
Саламатсыздар ма?Маған «Әдеп және парасаттылық» факультатив курсының бағдарламасы керек еді. Қайдан алсам болады?Алдын-ала рақмет!
Ответ
Бұл курстардың оқу бағдарламасы әзірленген, бірақ әлі бекітілген жоқ. Бекітілген соң Академия сайтына орналастырылады. 9, 10, 11-сыныптарда бұрын енгізілген бағдарламалар мен оқулықтар бойынша оқыту жалғастырылады («Зайырлылық және дінтану негіздері» 9-сынып; «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» 10-11-сыныптар). 2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымы 5, 6, 7, 8 сыныптарға арналған курс бағдарламасын дербес әзірлеп, педагогикалық кеңестің шешімі негізінде курсты енгізе алады. Бірақ курсты қажетті ресурстар мен дайындығы бар педагогтер болғанда ғана бастаған дұрыс. Егер мұндай жағдай болмаса, курсты осы оқу жылында енгізу міндетті емес.
Нұрай Нартайқызы Сағидолла
06 Сентября 2021
Вопрос / Обращение
Салеметсіздерме, Жаһандық құзіреттіліктер курсының жоспары қашан белгілі болады
Ответ
Бұл курстардың оқу бағдарламасы әзірленген, бірақ әлі бекітілген жоқ. Бекітілген соң Академия сайтына орналастырылады. 9, 10, 11-сыныптарда бұрын енгізілген бағдарламалар мен оқулықтар бойынша оқыту жалғастырылады («Зайырлылық және дінтану негіздері» 9-сынып; «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» 10-11-сыныптар). 2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымы 5, 6, 7, 8 сыныптарға арналған курс бағдарламасын дербес әзірлеп, педагогикалық кеңестің шешімі негізінде курсты енгізе алады. Бірақ курсты қажетті ресурстар мен дайындығы бар педагогтер болғанда ғана бастаған дұрыс. Егер мұндай жағдай болмаса, курсты осы оқу жылында енгізу міндетті емес.
Дилара Ильдусовна Артукбаева
06 Сентября 2021
Вопрос / Обращение
Здравствуйте! меня интересует проект 7 класс "Эмоциональный интеллект и критическое мышление "и если есть календарный и учебный план.. можете выслать буду очень признательно
Ответ
В 2021-2022 учебном году в зависимости от готовности школ (кадровой, ресурсной и др.) за счет часов вариативного компонента можно выбрать курс «Глобальные компетенции» или проводить другие элективные курсы. Данный курс может помочь в формировании у обучающихся навыков 21 века. Курс «Глобальные компетенции» (1 час в неделю) включает:  5 класс – «Добропорядочность и этика»;  6 класс – «Экология»;  7 класс – «Эмоциональный интеллект и критическое мышление»  8 класс – «Медиаграмотность»;  9 класс – «Светскость и основы религиоведения»;  10-11 классы – «Основы предпринимательства и бизнеса». Учебные программы по этому курсу разработаны и находятся на утверждении, после чего они будут размещены на сайте Академии. В 9, 10, 11 классах продолжается обучение по разработанным программам и учебникам введенным ранее («Светскость и основы религиоведения» 9 класс; «Основы предпринимательства и бизнеса» 10-11 классы). В 2021-2022 учебном году организация образования может разработать программу курса для 5, 6, 7, 8 классов самостоятельно и вводить курс на основании решения педагогического совета. Начинать курс можно только при наличии необходимых ресурсов и подготовленных педагогов. Если таких ресурсов организация образования не имеет, то введение курсов в этом учебном году не обязательно.
Мөлдір Уалиханқызы Донас
06 Сентября 2021
Вопрос / Обращение
Саламатсыздарма 1 сұрағым: ҚР БҒМ 604 бұйрығы, 05.05.20 жылғы 182 бұйрықты басшылыққа алып 5-9 сыныптарда көркем еңбек сабағын топқа бөлуге болама? 2021-2022 ӘНХ топқа бөлуде көркем еңбек пәнін 20-24 оқушыдан асқанда бөлуге болады деп жазылған, ал 182 бұйрықта бөлінетін міндетті пәндердің ішінде көркем еңбек пәні жоқ осының анығын түсіндіріп жазсаңыз.2 сұрағым 20 тамыздағы 415 бұйрықты қайдан аламыз? Алдын ала рахмет
Ответ
1. ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес: 57. Сыныпты екі топқа бөлу қалалық білім беру ұйымдарында сыныптарда білім алушылар саны – 24 және одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар саны – 20 және одан артық болғанда: 1) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда – қазақ тілі мен әдебиеті; 2) оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда – орыс тілі мен әдебиеті; 3) шетел тілі; 4) көркем еңбек (сынып толымдылығына қарамастан ұл және қыз балалар топтарына); 5) информатика; 6) дене шынықтыру сабақтарын жүргізу кезінде жүзеге асырылады. 2. 20.08.21 ж. №415 бұйрығы adilet.kz сайтынан жүктеледі
Айдана Аманжол Аманжолова
05 Сентября 2021
Вопрос / Обращение
Саламатсыз ба,орыс мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен күнтізбелік жоспарды 3сағатқа қай нұсқаулыққа сүйеніп жасаймыз?Төмендетілген үлгілік оқу жоспарын қалай алуға болады?
Ответ
Сәлеметсіз бе, Айдана Аманжоловна! Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердің «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 3 сағатқа арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспар ҚР БҒМ 2020 жылғы 27 қарашадағы №496 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына және жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасы (17 және 26-қосымшалар) негізінде әзірленеді. Аталған оқу бағдарламаларын Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының nao.kz сайтынан жүктеп алуға болады.
Айна Серікқызы Серік
05 Сентября 2021
Вопрос / Обращение
Саламатсыздар ма? 11 сынып тмендетілген бағдарламамен оқуға көштік, осыған Қазақстан тарихынан түсінік хат керек еді, қалай жазуға болады екен.11 сыныпты биыл бірінші рет алып отыр едім.Көмектесіп жібересіздер ме?
Ответ
Сәлеметсіз бе, Айна Серікқызы. Күнтізбелік тақырыптық жоспар әзірлеуде ҚР БҒМ 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасын басшылыққа аласыз. Оқу бағдарламасын академия сайтынан (nao.kz) алуға болады.
Кәмшат Жапсарбайқызы Күмісқали
04 Сентября 2021
Вопрос / Обращение
Саламатсыз ба?! Бастауыш класта үйден оқитын оқушылар туралы қай бұйрықта жазылған?
Ответ
Құрметті Кәмшат Жапсарбайқызы! Сіздің «Бастауыш класта үйден оқитын оқушылар туралы қай бұйрықта жазылған?» деген сұрағыңызға келесідей жауап береміз: Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 26 наурыздағы № 125 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 30 наурызда № 22418 тіркелген) келесі тарауларында бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарлары ұсынылған: 1. 9 тарау. Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін үйде жеке тегін (арнайы оқу бағдарламалар бойынша) оқытатын бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспар; 2. 10-тарау. Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін үйде жеке тегін оқытатын жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушыларға арналған бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары; 3. 11-тарау. Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін үйде жеке тегін оқытатын орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушыларға арналған бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспар.
Акбота Жанайдаровна Арынбаева
04 Сентября 2021
Вопрос / Обращение
Саламатсыздар ма, 6-сынып қазақ тілі пәнінен "Көне атаулар" таңдау курсының ұзақ мерзімді жоспарының үлгісін қайдан алуға болады? сілтеме бере аласыздар ма?
Ответ
Сәлеметсіз бе, Ақбота Жанайдаровна! 6-сыныпқа «Қазақ тілі» пәнінен «Көне атаулар» деп аталатын таңдау курсы авторлық бағдарламамен оқытылатын болуы керек. Аталған курс Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында әзірленбеген.
Бексұлтан Мұратбекұлы Бахит
03 Сентября 2021
Вопрос / Обращение
Саламатсыз ба! Маған ҚР БҒМ 2019 жылғы «26» шілдедегі № 334 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы және ҚР БҒМ 2019 жылғы «26» шілдедегі № 334 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Дүниежүзі тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы. 10-шы сыныптарға арналған үлгілік оқу бағдарламасы құқық,қазақстан тарихы,дүние жүзі тарихы пәнінен 2021 жылғы бұйрықтарды орысша және қазақша жазылған түрінде почтама жібере аласыздарма? Алдын ала рахмет!!!
Ответ
Сәлеметсіз бе, Бексұлтан Мұратбекұлы. «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша 5-9-сыныптарға, 10-11-сыныптарға арналған оқу бағдарламалары поштаңызға жіберілді.
Айым Шынбайқызы Досмағамбетова
02 Сентября 2021
Вопрос / Обращение
Саламатсыздар ма? Бүгін 2 қыркүйек, бірақ мен әлі 10-11 сыныптарға дүниежүзі тарихы мен Құқық негіздеріне ұзақ мерзімді жоспар таба алмай отырмын. Әдістемелік нұсқау хатта: "2021/2022 оқу жылында 10-11-сыныпта «Дүниежүзі тарихы» оқу пәнінен Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары бойынша оқу процесі «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламаларымен жүзеге асырылады." - делінген. Алайда дәл осы бұйрықта дүниежүзі тарихы мен құқық негіздерінен төмендетілген оқу жүктемесімен көрсетілмеген. Тек жаңартылған мазмұнды ғана берген. Енді қандай құжатқа сүйенуге болады? 2 сағат 1 сағатқа қысқартылғандықтан тоқсан соңында зерттеу жұмысы жасала ма? Осыған көмектесе аласыздар ма? тамызда да сұрақ жолдаған едім, әлі жауап қайтарылмады. Мейлінше ертерек жауап бересіздер ме?
Ответ
Сәлеметсіз бе, Айым Шынбайқызы. Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық, бағыттағы «Дүниежүзі тарихы» (ҚГБ-2сағат, ЖМБ-1сағат), «Құқық негіздері» (ҚГБ, ЖМБ-1 сағат) пәндерін міндетті пән ретінде оқытуға арналған оқу бағдарламалары әзірленуде. Оқу бағдарламасының жобасы поштаңызға жіберілді.
Раушан Өмірбекқызы Марсали
02 Сентября 2021
Вопрос / Обращение
Саламатсыз ба?! ӘНХ -та дінтану негіздері бойынша факультатив курсын оқыту мен оқуды ұйымдастыру туралы ақпарат таба алмадым. "Зайырлылық және дінтану негіздері" оқытыла ма әлде осыған дейін айтылып келген "Қоғам және дін" курсы оқытыла ма? Нақты түсініктеме берсеңіз.
Ответ
Сәлеметсіз бе, 2021-2022 оқу жылында 9-сыныпта «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы оқытылады.
Ақжай Амангелдіқызы Қалиева
02 Сентября 2021
Вопрос / Обращение
Сәлеметсіз бе, Қазақстан тарихы пәні 5-10 ныптарда жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу жоспары керек еді .
Ответ
Сәлеметсіз бе, Ақжай Амангелдіқызы. Жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу жоспары ҚР БҒМ 20.08.2021ж. №415 бұйрығымен бекітілген. Бұйрық білім басқармаларына жіберілген.

первая пред. 1 2 3 325 последняя