info@nao.kz
+7 7172 577 203
Вопрос-ответ

Вы находитесь в рубрике «Вопрос-ответ» официального интернет-ресурса Национальной академии образования имени И.Алтынсарина.

Обращаем ваше внимание на то, что вопрос не должен быть задан в оскорбительном тоне, с использованием нецензурных выражений. Вопрос следует изложить лаконично и по существу.

Вопрос, содержание которого не может быть достоверно и корректно понято из-за большого количества орфографических ошибок, сокращений и аббревиатур, не рассматривается.

Редакция сайта имеет право удалять вопросы, не соответствующие вышеизложенным требованиям, без предоставления на них ответов.

Прежде чем задать вопрос просим вас посмотреть на какие вопросы были ответы, может вы найдете ответ на свой вопрос.

Оксана Викторовна Зюзько
22 Сентября 2016
Вопрос / Обращение #1496
Здравствуйте!Скажите пожалуйста сколько детей положено на ставку воспитателя. Поздравляю Вас с наступающим Днем учителя.
Ответ
Здравставуйте! Спасибо, и Вас с праздником! Вопрос требует уточнения (о воспитателе какой организации идет речь).
Шолпан Каратаевна Танатарова
22 Сентября 2016
Вопрос / Обращение #1495
ЗДРАВСТВУЙТЕ,прочитали Ваш ответ на вопрос:3 сыныпта қазақ тілі сабағы бойынша диктанттар сағаты қанша? Ваш Ответ: 2016-2017 оқу жылында «Қазақ тілі» пәні бойынша 3-сыныпта жүргізілетін қорытынды бақылау жұмыстарының түрлері, саны 2016-2017 оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқау хаттағы 5-кестеде берілген. 3-сыныпта тоқсан сайын диктантқа – 3 сағат, мазмұндамаға – 1 сағат, шығармаға – 1 сағат, (жылына барлығы – 20 сағат) берілген. Мазмұндама мен шығармаға берілген жылдық сағат саны – 8 (4 мазмұндама, 4 шығарма жұмысы), ал диктантқа (сауаттылықты тексеру және бақылау диктанты) – 12 сағат беріледі. Но ИМП в 5-таблице не указаны сочинения,изложения,т.д./3класс/.А в 6-таблице указаны 13 часов диктантов.Поэтому нам не савсем понятно.Не могли бы подробнее рассказать об этом? Также и по математике 2-4 кл.По математике 2-4 классах в 13таблице /ауызша есеп және математикалық диктанттардың саны/:отводиться ли по часу на устный счет и матем.диктантам?как их указывать в КТП?
Ответ
Сәлеметсіз бе, Шолпан Қаратайқызы! Сізге Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының (www.nao.kz) ресми сайтында орналастырылған 2016-2017 оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқау хаттың соңғы нұсқасына назар салуыңызға кеңес береміз. 2016-2017 оқу жылында «Математика» пәні бойынша 2-4-сыныптарға арналған бақылау жұмыстарының, ауызша есеп және математикалық диктанттардың саны Әдістемелік нұсқау хаттағы 11, 12-кестелерде берілген. Ондағы әр тоқсанда бөлінген тақырыптық жұмыстар – тақырып, тарау немесе бөлім бойынша жүргізілетін ағымдық жұмыстар. Оның өткізілу түрін (өзіндік жұмыс, тест, т.б.) мұғалімнің өзі анықтайды. Тоқсандық бақылау жұмыстарына 1-тоқсанда 2 сағат берілген. Қыркүйек айында 1 бақылау жұмысы («Кіріс бақылау жұмысы») және 1-тоқсанның соңында 1 бақылау жұмысы («Шығыс бақылау жұмысы») алынады. 2-ші, 3-ші, 4-ші тоқсандардың соңында алынатын бақылау жұмысына әр тоқсанда 1 сағаттан бөлінген. Бастауыш сыныптарда ауызша есептеуге және математикалық диктантқа жеке сағат бөлінбейді. Бұлар сабақтың кезеңі болып саналады, сондықтан 5-15 минут жеткілікті. Ұстаздар күнімен құттықтаймыз! Сұрағыңызға рақмет!
Алуа Даутбекқызы Казбаева
21 Сентября 2016
Вопрос / Обращение #1493
Сәлеметсіз бе, "Қолданбалы информатика" және "Компьютерлік графикадан анимацияға дейін" авторлық бағдарламалардың оқу бағдарламаларын қалай алсам болады?
Ответ
Сәлеметсіз бе! Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы авторлық бағдарламалады әзірлеумен айналыспайды. Факультативтік, элективтік, қолданбалы курстардың оқу бағдарламаларын Жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде курсты жүргізетін пән мұғалімі әзірлейді. Авторлық бағдарламалар аймақтық білім жетілдіру институттарының әдістемелік кабинеттерінде жинақталады.
мадина мейрамовна ахметова
21 Сентября 2016
Вопрос / Обращение #1492
Бастауыш сыныптар бойынша қазақ тілінен диктанттар саны азайып орнына мәтінді көшір мен сөздік диктанттар жазыладыма?Математика пәнінен өзіндік жұмыс деген болмайма,орнына ауызша есеп және математикалық диктант болама?
Ответ
Сәлеметсіз бе, Мадина Мейрамқызы! 2016-2017 оқу жылында «Қазақ тілі» пәні бойынша 2-4-сыныпта жүргізілетін қорытынды бақылау жұмыстарының түрлері, саны 2016-2017 оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқау хаттағы 5-кестеде берілген. 3-сыныпта тоқсан сайын диктантқа – 3 сағат, мазмұндамаға – 1 сағат, шығармаға – 1 сағат, (жылына барлығы – 20 сағат) берілген. Мазмұндама мен шығармаға берілген жылдық сағат саны – 8 (4 мазмұндама, 4 шығарма жұмысы), ал диктантқа (сауаттылықты тексеру және бақылау диктанты) – 12 сағат беріледі. Мәтінді көшіру мен сөздік диктанттар да жүргізіледі. 2016-2017 оқу жылында «Математика» пәні бойынша 2-4-сыныптарға арналған бақылау жұмыстарының, ауызша есеп және математикалық диктанттардың саны Әдістемелік нұсқау хаттағы 11, 12-кестелерде берілген. Ондағы әр тоқсанда бөлінген тақырыптық жұмыстар – тақырып, тарау немесе бөлім бойынша жүргізілетін ағымдық жұмыстар. Оның өткізілу түрін (өзіндік жұмыс, тест, т.б.) мұғалімнің өзі анықтайды. Тоқсандық бақылау жұмыстарына 1-тоқсанда 2 сағат берілген. Қыркүйек айында 1 бақылау жұмысы («Кіріс бақылау жұмысы») және 1-тоқсанның соңында 1 бақылау жұмысы («Шығыс бақылау жұмысы») алынады. 2-ші, 3-ші, 4-ші тоқсандардың соңында алынатын бақылау жұмысына әр тоқсанда 1 сағаттан бөлінген. 2016-2017 оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқау хат Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының (www.nao.kz) ресми сайтында орналастырылған. Сұрағыңызға рақмет!
ГауҺарай Өтегенқызы Нысанова
21 Сентября 2016
Вопрос / Обращение #1491
Сәлеметсіз бе?! Менің сұрағым 2016/2017 оқу жылында сыныптың толымсыздығына қарамастан дене шынықтыру пәнін гендік қағидаға сүйене отырып, топқа бөліп оқытуға болама? Әлде бала саны жетпеген жағдайда дене шынықтыруды топқа (ұл-қыз)бөлмей оқытамыз ба? жауабыңызды асыға күтемін.
Ответ
Сәлеметсіз бе, Гауһарай Өтегенқызы! Гендерлік қағидат бойынша дене шынықтыру сабақтарын (қалалық жерде – әрбір топта кемінде 8 ұл бала (немесе қыз бала), ал ауылдық жерде – кемінде 5 ұл бала (немесе қыз бала) болғанда) жүргізу кезінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысы.
Жанна Оралхановна Мандайбаева
21 Сентября 2016
Вопрос / Обращение #1490
Здравствуйте.С наступающим днем учителя! Подскажите пожалуйста, где можно найти программу по коррекции познавательной деятельности.
Ответ
Здравствуйте! Учебные программы для учащихся с ограниченными возможностями начального уровня представлены на сайте по ссылке http://nao.kz/loader/fromorg/2/25. Разработанные учебные программы для учащихся с ограниченными возможностями будут доступны на официальных ресурсах после утверждения МОН РК.
Ерлан Маликович Айшуаков
21 Сентября 2016
Вопрос / Обращение #1489
Здравтсвуйте! Хотел узнать по поводу 1 класса учителей музыки, самопознания могут ли они вести урок без сертифика обновленого образования
Ответ
Здравствуйте. Учителя предметов «Музыка» и «Самопознания» не прошедшие курсы и не имеющие сертификаты обновленного содержания образования могут преподавать данные предметы, но до конца учебного года должны пройти курсы. Спасибо за вопрос.
Жанар Алтыбасаровна Темиржанова
21 Сентября 2016
Вопрос / Обращение #1488
Cәлеметсіз ба, қазақ тілі қазақ сыныптарында бақылау жұмыстарының түрлері мен мөлшерлері 2016-2017 оқу жылына арналған нормада бақылау үзігі және бақылау жұмысы деген бар. Бақылау үзігі мен бақылау жұмысының қандай айырамышылығы бар? Бақылау үзігі неше минут алынады? Рахмет
Ответ
Сәлеметсіз бе, Жанар Алтыбасаровна! Оқушылардың тоқсан бойына, жыл бойына алған білімдерін практикада қолдана алу икем – дағдыларын тексеруге негізделген бақылау жұмыстары тоқсандық, жылдық болып бөлінеді. Бақылау үзігі нақты бір тақырып немесе тарау көлеміндегі білімдерін тексеру үшін ( 20-25 минут ) алынады.
Жадыра Асильбекқызы Махыметова
20 Сентября 2016
Вопрос / Обращение #1487
магистратура дәрежесі бар мұғалімнің қандай мүмкіндіктері бар? Категория қалай беріледі?
Ответ
Сәлеметсіз бе, Жадыра Асильбекқызы. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Магистратура» – білім беру бағдарламалары тиісті мамандық бойынша «магистр» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру болып саналады және магистратура дипломы бар азаматтарға ерекше мүмкіндіктер қарастырылмаған. Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне біліктілік санатын беру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығымен бекітілген педагог қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Сондықтанда жалпы білім беретін мектептерде жұмыс істейтін магистрлік дипломы бар қызметкерлер біліктілік санаттарын жоғарыдағы ережеге сәйкес алады. Мектеп мұғалімдеріне қойылатын талаптар барлық категориядағы мұғалімдерге ортақ болып табылады.
Алтыншаш Сарсембаевна Еркебаева
20 Сентября 2016
Вопрос / Обращение #1486
Сәлеметсіздер ме?! Биылғы 2016 - 2017 оқу жылындағы 1 сыныпқа арналған жаңартылған бағдарлама бойынша құрылған орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлары smk.edu.kz. сайтында жарияланған. Бірақ, аудан имұғалімдерінің арасында түсініспеушілік туындауда. Себебі аудандық оқу бөлімі өз жоспарларын ұсынуда. Осыған байланысты бір нақты жауап бола ма? Қай жоспарды қолдануымыз керек.
Ответ
Сәлеметсіз бе, құрметті Алтыншаш Сәрсембайқызы! 2016 – 2017 оқу жылында 1-сыныпқа арналған жаңартылған мазмұндағы ұзақ мерзімді жоспар пән бойынша оқу бағдарламасында берілген. Бұл оқу бағдарламалары Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі №266 бұйрығымен бекітілген. Аудандық оқу бөлімінің ұсынып отырған жоспарлары бойынша нақтылауыңызды сұраймыз. Егер бұл орта мерзімді жоспарлар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мамандарымен әзірленген болса, онда білім беру процесінде пайдалануға болады. Кәсіби мерекеңізбен құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар тілейміз.
Жадира Рымкуловна Бейсембекова
20 Сентября 2016
Вопрос / Обращение #1485
Сәлеметсіздерме! Бейсембекова Жадыра бастауыш сынып мұғалімі. Біздің мектепте биыл мұғалімдерге 18 сағат қана берілсін одан артық сағат берілмесін деген шектеуді мектеп директоры айтты, ал ол шектедуді ауданның білім бөлімінің басшысы бекітті деп түсіндірді.Мұғалімдерге 18 сағттан артық сағат алуға тыйым қашан және қай заңда жазылған? осы сұраққа жауап берсеңіз.
Ответ
Сәлеметсіз бе. Бастауыш мектеп мұғалімдерінің стандартты апталық жүктемесі 18 сағатты құрайды. Әрбір мектепте оқу жүктемесін бөлу жағдайға байланысты мектеп басшылығымен жүзеге асырылады. Бастауыш сыныптарда мұғалім үш пәннен, яғни барлық мектептерде ағылшын тілі, орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен басқа барлық негізгі пәндерді жүргізуге құқығы бар. Бастауыш сынып мұғалімінің апталық жүктемесі 18-19 сағатты құрауы мүмкін: сауат ашу – 6 с., математика – 4 с., жаратылыстану (жаңа пән) – 1 с., дүниетану – 1 с., музыка – 1с., өзін-өзі тану – 1с., көркем еңбек – 1 с., дене шынықтыру – 3 с., вариативті компонент (дамыту сипатындағы сабақтар) – 2 с. Сұрағыңызға рахмет.
Гулшат Жангыровна Шакирова
20 Сентября 2016
Вопрос / Обращение #1484
Саламатсыз ба 2016-2017 оқу жылына арналған Абайтану факультативінің бағдарламасын қайдан тапсам болады? 9-11 орыс сыныптарына арналған
Ответ
Сәлеметсіз бе, Гүлшат Жангыровна! «Абайтану» курсы оқу бағдарламасы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының http://nao.kz/) ресми сайтының «Білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету» рубрикасына орналастырылған.
Тема вопроса
Captcha
© Официальный сайт Национальной акадмии образования им. И.Алтынсарина, 2019
г. Астана, пр. Мәңгілік Ел,8, бизнес-центр "Алтын Орда", 15 - 16 этаж
тел.: 8(7172) 577203