Вопрос / Обращение #7476
Қайырлы күн! 28 желтоқсан күні шыққан әдістмелік ұсынымда № 548 шығыс хаты.
2.3 Мектепалды, 1-5 сыныптарда кезекші сыныптарда, халықаралық мектептерде -7 сыныпқа дейін оқытуды ұйымдастыру
20. Кезекші сыныптардың мектепалды, 1-5 - сыныптардың және халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін жұмыс істеуі бастауыш сынып білім алушыларының жас ерекшеліктеріне, олардың оқуға деген ынтасының қалыптаспауына, өз бетінше оқыту және өзін-өзі ұйымдастыру бойынша әлеуметтендіру дағдыларын, құзыреттерін қалыптастырудың басталуына, сондай-ақ білім алушылардың бір білім беру деңгейінен келесіге (бастауыш білім беру деңгейінен негізгі орта мектеп деңгейіне) көшуіне негізделеді.
Кезекші сыныптарда барлық сабақтар жұмыс оқу жоспарына сәйкес білім беру ұйымдарында өткізіледі. Сабақтың ұзақтығы - 40 минут. деп жазылған. Сонда барлық пәндер мектепте өтіледі ме? Өзін - өзі тану, көркем еңбек, музыка, дене шынықтыру сияқты пәндер сабақ кестесіне қойылады ма?
2-ші сұрақ. 2.5 9, 11 (12) - сыныптарды аралас форматта оқытуды ұйымдастыру - пәндердің 70% - ы штаттық режимде, 30% - ы қашықтықтан
37. 9,11 (12) сынып білім алушыларының аралас оқыту форматына көшуі бітіруші сыныптарды қорытынды аттестаттауға және Ұлттық бірыңғай тестілеу мен жоғары оқу орындары мен колледждерге түсу емтихандарын тапсыруға дайындаумен негізделеді.
Оқытуды ұйымдастыру мынадай түрде жүзеге асырылатын болады: Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәндерінің 70% - ы штаттық форматта және оқу пәндерінің 30% - ы санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, қашықтықтан оқыту форматтында оқытылатын болады (1-6-кестелер).
Аралас оқыту болғанда мысалға, дүйсенбі күні 3 сабақ мектепте 2 сабақ онлайн өтеді ме? сабақ кестесін осылай жасау қажет пе? Жауаптарыңыз аса маңызды. Рақмет!
Ответ
Сәлеметсіз бе, Динара Серікқызы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығымен бекітілген (ҚР БҒМ 2020 жылғы 17 қарашадағы №484 бұйрығымен енгізілген өзгерістер) Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдардың 2.3 тараудағы 29-тармағына сәйкес «кезекші сыныптағы оқу процесі мектептің бекітілген жұмыс оқу жоспарына сәйкес жүзеге асырылады». 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығымен бекітілген (ҚР БҒМ 2020 жылғы 28 желтоқсандағы №548 бұйрығымен енгізілген өзгерістер) Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдардың 2 тараудағы 11-тармағына сәйкес «мектептегі сабақ кестесі барлық сыныптарға арналған Мектептің жұмыс оқу жоспарына сәйкес МЖМБС, үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жасалады». 2.5-тараудың 37-тармағында Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәндерінің 70% - ы штаттық форматта және оқу пәндерінің 30% - ы санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, қашықтықтан оқытылады деп көрсетілген (1-6-кестелер). Осы тармаққа сәйкес сабақ кестесін білім беру ұйымы өзі құрастырады. Сонымен қатар, штаттық және қашықтықтан оқыту форматтары үшін 9,11-(12)-сыныптарына әзірленген 1-6 кестелерге білім беру ұйымы қажет жағдайда өзгерістер енгізуі мүмкін. Енгізілген өзгерістер педагогикалық кеңестің шешімімен бекітіледі.