Қазақстан мұғалімдерінің республикалық қауымдастығы

Қазақстан мұғалімдерінің Республикалық қауымдастығының ресми парақшасына қош келдіңіздер! Қазақстан мұғалімдерінің республикалық қауымдастығы коммерциялық емес бірлестік болып табылады. Қауымдастық өз қызметін Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының базасында ұйымдастырады. Қауымдастықтың қызметі жариялылық, ашықтық, еркіндік, оның мүшелерінің тең құқылығы, басқарушы органдардың демократиялық негіздегі сайлануы, алқалылық, өзін-өзі қаржыландыру, өзін-өзі басқару және Конституцияға, ҚР қолданыстағы заңнамасына, ҚР Білім туралы Заңға, халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларына және осы Жарғыға сәйкес заңдылық қағидаттарына негізделеді.