info@nao.kz
+7 7172 577 203

Үздіксіз педагогикалық білім орталығы

 

Орталықтың құрылған күні:Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президентінің № 60 ж/қ бұйрығы 06.06.2018 жыл.

Басшы:Мұқатова Мариям Ерғалиқызы педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Орталық қызметінің мақсаты:  Болон процесінің динамикасын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен қамтамасыз ету.

 

Міндеттері:

·        техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу;

·        жаһандану жағдайында Қазақстан Республикасының кәсіби-техникалық, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін дамытудың ғылыми-әдістемелік базасын құру;

·         индустриялық-инновациялық даму жағдайында жоғары, кәсіби және техникалық білім беруді дамытудың басым бағыттарын айқындау;

·        әлемдегі және ұлттық білім беру жүйесіндегі инновациялық процестерді зерттеу;

·        техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің бағдарламаларының мазмұнын жетілдіру.

Негізгі бағыттары:

Ø     мамандарды көпдеңгейлі дайындау жүйесінде (мектеп, кәсіптік лицей, колледж, ЖОО) білім беру құрылымдарының өзара әрекетінің ғылыми-әдістемелік негізін әзірлеу;

Ø     техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;

Ø     білім беру жүйесін жетілдірудің теориялық және практикалық мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік жұмыстар жүргізу (конференция, семинар, дөңгелек үстел, жұмыс тобы және т.б.);

Øересектерді кәсіби оқыту процесінде әлеуметтік серіктестер арасындағы өзара әрекеттестікті жетілдірудің әдістемелік ұсыныстарын әзірлеу;

Ø     орталық қызметкерлерінің ғылыми-әдістемелік қызметін және ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін енгізу, тарату және насихаттау;

Ø     төмендегі ғылыми-әдістемелік журналдарды мерзімді жариялау арқылы білім беру үдерісін сүйемелдеу: «Білім – Образование» ғылыми-педагогикалық журнал, «Қазақстан кәсіпкері – Профессионал Казахстана» ғылыми-әдістемелік журнал, «12 жылдық білім беру – 12-летнее образование» ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-талдау журналы.

 

Қызметкерлер:

•        Алпеисов Есенбай Ашималиұлы техника ғылымдарының докторы, профессор

•        Шуиншина Шолпан Мырзакасымқызы педагогика ғылымының кандидаты, доцент

•        Исаева Жибек Қайруллиновна филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Регламенттейтін құжаттар:Үздіксізпедагогикалықбілім беру орталығытуралыереже

© Официальный сайт Национальной акадмии образования им. И.Алтынсарина, 2019
Address: Astana, 8 Mangilik El avenue, Business Centre “Altyn-Orda”, floors 15-16
tel.: 8(7172) 577203