ЦЕНТР РАЗВИТИЯ МАЛОКОМПЛЕКТНЫХ ШКОЛ

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының

шағын жинақты мектептерді дамыту орталығы

 

Орталық туралы

ШЖМД Орталығының тарихы

Әр жылдары шағын жинақты мектептер мәселелерімен Г.М. Храпченко, А. Асқарбаева, Қ. Аймағамбетова, Б. Құлмағамбетова сияқты ғалым әдіскерлер айналысты. Олар өз еңбектерінің нәтижелерін түрлі ғылыми әдістемелік журналдарда жариялап отырды.ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап ХХ ғасырдың 70 жылдарына дейінгі оқыту әдістемесі мен оқытудың мазмұнын жетілдіру мәселелері Г.М.Храпченконың «Қазақстандағы ұлттық білімнің ғылыми-әдістемелік мәселелері» (1976) еңбегі мен ғылыми мақалаларында көрініс тапты.

1971-1975 жж. аралығында зертхананың ғалымдары мен қызметкерлері бағдарламалар, қазақ және ұйғыр мектептеріне арналған оқулықтар, 50-ден аса оқу- әдістемелік нұсқаулықтар, оқу құралдары, көрнекі құралдар және дидактикалық материалдар жинақтарын басып шығарды.

1990-1993 жж. «Төртжылдық бастауыш мектептің 1-2 сыныптарын кіріктірілген-жинақтық оқытудың құрылымы мен мазмұнын жаңарту» (жетекшісі-Ш.Майгаранова), «Шағын жинақтық мектептерде оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері» (жетекшісі - З.Бейсенбаева), «Бастауыш мектепте оқытудың әдістемесі және білім мазмұнын жетілдіру» (жетекшісі - К.Жунусова) сияқты өзекті тақырыптар ғылыми зерттеудің нысанына айналды.

1993-1999 жж. ЗертхананыК.Жунусовабасқарды.

1999 жылы зертхана директоры болып М.Ералиева тағайындалып, оның басшылығымен мемлекеттік шағын жинақтық мектептеріне әдістемелік қолдау көрсетіліп отырды.

Келесі жылдары Ы. Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдарының ҒЗИ құрылымында өзгерістер болып, 2000 жылдан бастап зертхана шағын жинақты мектептерде оқыту мәселелері бойынша жұмыс істей бастады, оның құрамында төмендегімамандар болды: Қ.Мамыров, С.Нурсейитов, Ж.Кемембаева, Р.Ахметова. Зертхана қызметкерлері ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізіп, нәтижесінде «Шағын жинақты мектепте білім беру – Образования в малокомплектной школе» (К.Н. Мамырова, С.Д. Нурсейитов, 2002 ж., «Ғылым баспасы») еңбегі жарыққа шықты.

2002 жылы бастауыш мектеп зертханасы мен шағын жинақты мектеп зертханасы біріктіріліп, «Бастауыш және шағын жинақты мектепте оқыту мәселесі бойынша зертхана» деп аталды, басшылық еткен п.ғ.к. Н.М. Сламбекова.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 ж. 7 желтоқсан №1118 Қаулысына сәйке 2011-2020 жж. Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту бағдарламасының 75-тарауын жүзеге асыру нәтижесінде, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында шағын жинақты мектептерді дамытудың Республикалық Орталығы құрылды. Орталыққа басшылық еткен ҚР құрметті қызметкері, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, ғалым-педагог Ә.Т. Дүйсебек басқарды. Орталықта Б.Қ. Тойбазарова, Х.Т. Төлеубаева, Б.К. Смағулова, Г.Ж. Сейсенғалиева, Б.К. Сәрсенбина, Ғ.З. Даньяров сияқты ғалымдар, мектепте үлкен тәжірибесі бар әдіскерлер қызмет етті.

2013 жылы ШЖМД Орталығының директоры болып педагогика ғылымдарының кандидаты Н.А. Тойбазарова тағайыдалды, ал қызметкерлер қатары тәжірибелі әдіскер мамандармен толықты: К.А. Даниярова, Г.К. Жунусова. ШЖМД Орталығының қызметкерлері шағын жинақты мектептердегі біріктірілген сыныптардағы білім сапасын арттыру мәселелері бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізе бастады.

2014 жылы ШЖМД Орталығы директоры болып тарих ғылымдарының докторы, доцент А.К. Мұхаметжанова тағайындалды. Ол кісінің басшылығымен ШЖМД Орталығында білікті мамандар қызмет етті: Н.А. Тойбазарова – жетекші ғылыми қызметкер, К.А. Даниярова – аға ғылыми қызметкер, Г.К. Жунусова – аға ғылыми қызметкер, А.Б. Бахыт – аға ғылыми қызметкер, педагогика ғылымдарының магистрі, А.Д. Айтпаева - аға ғылыми қызметкер, заң ғылымдарының магистрі.

2015 жылдан бастап шағын жинақты мектептердің проблемаларын іс жүзінде және мектеп жұмысының тәжірибесін білетін ШЖМ дамыту орталығының директоры болып Г.С. Құдайберген тағайындалды. Орталықта білікті мамандар қызмет істеді: Б.С. Ахметова – жетекші ғылыми қызметкер, А.Х. Хапур - аға ғылыми қызметкер, И.Ж Диханбаева - аға ғылыми қызметкер, педагогика ғылымдарының магистрі.

2016 жылдан бастап ШЖМ дамыту орталығының директоры болып, білім беру саласында мол тәжірибесі бар М.Е. Адамова тағайындалды.

 

ШЖМД Орталығының заманауи жағдайы

Шағын жинақты мектептерді дамыту орталығы 2011 жылдан бері Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының құрылымдық бөлімшесі болып табылады (бұдан әрі ШЖМД Орталығы). ШЖМД орталығы жұмысының негізгі міндеті сынып-жиынтықтары біріктірілген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың нысаны ерекше, білім алушылар контингенті аз шағын жинақты мектептерді дамыту болып табылады.

Міндетті ісі: республиканың ресурстық орталықтарының шағын жинақты мектептеріндегі білім беру процесін әдістемелік, нормативтік және оқу-әдістемелік қолдау, педагогикалық озық тәжірибені зерделеу, қорыту және тарату.

Мақсаты:ШЖМ орталығының мақсаты, Қазақстанның тұрақты дамуы үшін оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған шағын жинақты мектептердің қызметін жаңғырту, ресурстық орталықтардың шағын жинақты мектептерін дамытуды әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету болып табылады.

Міндеттері:

- шағын жинақты мектептер, ресурстық орталықтар (тірек мектептер) мен интернаттар қызметі туралы кеңейтілген деректер базасын құру;

- шағын жинақты мектептердегі білім сапасы бойынша, білім беру процесін жетілдіру, шағын жинақты мектептердің қажеттілігі туралы зерттеулер жүргізу;

- шағын жинақты мектептердің директорлары  мен мұғалімдері үшін шағын жинақты мектептерде жұмысты ұйымдастыру, білім беру процесін жетілдіру бойынша нормативтік-нұсқаулық құжаттарды, ғылыми-әдістемелік құралдарды, ұсынымдар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу;

- ресурстық орталықтардың (тірек мектептердің) жұмысын ұйымдастыру, шағын жинақты мектептердің қызметін басқару, оқытудың тиімді технологияларын (оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды) енгізу бойынша мониторинг, талдау, қорыту және озық тәжірибені енгізу;

- шағын жинақты мектептердің өңірлік орталықтары мен білім басқармаларындағы әдістемелік кабинеттердің қызметін үйлестіруді және ШЖМ-ді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

- ШЖМ-нің қызметін ұйымдастыру сапасын жақсартуға және оқыту мен тәрбиелеудің сапасын арттыруға бағытталған халықаралық, республикалық және өңірлік ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар мен тренингтер өткізу;

- шағын жинақты мектептердің педагог кадрларына арналған қашықтықтан оқыту курстары мен интерактивті конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу.

 

2018 жылы ШЖМ дамыту орталығының директоры болып, шағын жинақты мектептердің проблемаларын іс жүзінде және мектеп жұмысының тәжірибесін білетін Г.С. Құдайберген тағайындалды.

Орталықта білікті мамандар қызмет істейді: Л.А. Лебедева – жетекші ғылыми қызметкер, педагогика ғылымдарының кандидаты;Е.Р.Келлер – жетекші ғылыми қызметкер, филолология ғылымдарының кандидаты; Ж.Д.Рапишева – жетекші ғылыми қызметкер, филолология ғылымдарының кандидаты;Ғ.З. Даньяров – аға ғылыми қызметкер; А.А Бекжанова – аға ғылыми қызметкер; Е.В. Паевская – аға ғылыми қызметкер, әлеуметтік ғылымдарының магистрі; Б.К. Миралиев – аға ғылыми қызметкер.

Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА-ның ШЖМ дамыту орталығы, құрылған 181 ресурстық орталықпен және оларға бекітілген 596 шағын жинақты магниттік мектептермен белсенді ынтымақтасып қана қоймай, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, ШЖМ-нің қызметінің өзекті проблемаларын шешу, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша ШЖМ мен РО қолдау бойынша үйлестіруші ролді де атқарады, осы мектептердің басшыларына, мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетеді.

Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА-ның ШЖМД орталығы қызметінің негізгі бағыттары:

• ШЖМ және РО қызметін үйлестіру;

• Статистикалық деректерді жинау, деректер банкін және интерактивті картаны құру;

• ШЖМ-де оқыту және тәрбиелеу сапасын талдау;

• Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында ШЖМ мен РО-ны ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;

• Семинарлар мен конкурстар өткізу(республикалық, өңірлік);

• ШЖМ мен РО-ның қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

• ШЖМ желісін дамытудың одан әрі стратегиясын анықтау үшін ҚР БҒМ ұсыныстар әзірлеу.

 

Қазақстанның ШЖМ бойынша статистика

Статистика

2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасында, ҰБДБ деректері бойынша ШЖМ саны  2886 болып отыр,  бұл елдің барлық мектептерінің  39,4%, құрайды  (2017 жылы  олардың саны  2958  немесе  39,6%),  оның ішінде  БМ – 584, НОМ – 811, ОМ – 1491 мектеп.

 2018 жылы ШЖМ-да  198 603 білім алушылар оқыды, бұл ҚР барлық білім алушылары санының  6,3 % құрайды ( 2017 жылы – 205 950  немесе 7%), соның ішінде БМ – 7575, НОМ – 33256, ОМ – 157772  білім алушылар.

ШЖМ-да  барлық сынып-комплектісінің саны 30250,  олардың ішінде  біріктірілмеген  сыныптар – 23732, оның ішінде  БМ – 1221, НОМ – 4921, ОМ – 17590; біріктірілген сыныптар – 6518,  оның ішінде БМ – 1091, НОМ – 2814, ОМ – 2613.

50295 мұғалім (16,9%) сабақ берді; 2017 жылы – 53 578 (19%).

ШЖМ-ның ең көп саны СҚО, Ақмола, ШҚО, Қостанай, ең азы – Маңғыстау, Қызылорда және Атырау облыстарында.

       Өткен оқу жылымен салыстырғанда типтік ғимараттарда орналасқан ШЖМ саны 36 мектепке ұлғайды, бейімделген ғимараттарда орналасқан ШЖМ саны 95 мектепке азайды, сондай-ақ апатты жағдайдағы және күрделі жөндеуді қажет ететін мектептер саны тиісінше 7 және 86 мектепке азайды.

ШЖМ мен РО-ны одан әрі даму стратегиясы:

1.ШЖМ мен РО-ның нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру;

2.РО мен ШЖМ-ның қызметін қаржыландырудың тиімді тетіктерін әзірлеу;

3.Инфрақұрылымдық дамуын қамтамасыз ету (ресурстық орталықтар, интернаттар, тасымалдау);

4.Білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру;

5.Қашықтықтан оқытуды дамыту;

6.ШЖМ мен РО-ның мұғалімдер корпусын қолдау;

ШЖМ педагогтарын даярлау үшін арнайы жағдайлар:

• жоғары оқу орындарында аралас пәндер бойынша педагогтердің қосымша мамандануы;

• ШЖМ-нің біріктірілген сыныптарымен жұмыс істегені үшін қосымша ақы төлеу;

• магниттік мектептердің оқушыларымен РО-да жұмыс істегені үшін мұғалімге қосымша ақы төлеу;

• педагогтың аттестациясы мен біліктілігін арттырудың жаңа тәсілдері қажет.

7.Сапалы білім беруді қамтамасыз ету үшін ШЖМ-нің жоғары сынып оқушыларын толық жиынтықты мектептерге ауыстыру қажет.  БДМБ-ға сәйкес 2020 жылға қарай ШЖМ-ның көпшілігі бастауыш және негізгі орта білім берудеңгейі үшін қызметкөрсететін болады.

 

 

 

Байланыс

Астана қ., Мәңгілік Ел д-лы 8, 

«Алтын Орда» БО, 15 қабат, 1506 каб.,

Тел.: 8 (7172) 57-80-31,

E-mail: mksh.nao@mail.ru