THE CENTER OF DEVELOPMENT OF INCLUSIVE EDUCATION

1. Орталықтың атауы:Инклюзивті білім беруді дамыту орталығы

2. Құрылған күні:2016 жылғы 5 ақпан

3. Мақсаты:Қазақстан Республикасындағы орта білімнің барлық деңгейлерінде инклюзивті білім беру мазмұнын әдіснамалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

4. Миссия:Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беру идеяларын жүзеге асыру үдерісінде педагогты ғылыми-әдістемелік қолдау.

5. Міндеттер:

- Елдің жалпы білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру мазмұнын әдіснамалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

- Инклюзивті білім беру саласында елдің ұлттық әлеуетін дамыту үшін табысты тәжірибелерді жинақтау және тарату.

6. Орталық қызметінің бағыттары:

Ғылыми-әдістемелік:

- республиканың білім беру ұйымдарының, үкіметтік емес ұйымдардың зияткерлік әлеуетін тарту арқылы инклюзивті білім беру мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу;

- білім беру ұйымдарында білім беру процесінің субъектілерін әдістемелік қолдау.

Оқу-әдістемелік:

- инклюзивті білім беруді дамыту бойынша ұсынымдық сипаттағы материалдарды әзірлеу.

Ұйымдастырушылық-педагогикалық:

- республикадағы инклюзивті білім беруді жүзеге асыру мәселелері бойынша ғылыми конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру және өткізу.

Кеңес берушілік:

- инклюзивті тәжірибеніжүзеге асыратын білім беру ұйымдарының педагогтері мен мамандарына кеңес беру.

7. Басшы: Исмагулова Светлана Кужаковна

8. Қызметкерлер:

Сейдина М.З.

Молдабаева Р.К.

Мурзагалиева Б.К.

Елисеева И.Г.