info@nao.kz
+7 7172 577 203

Государственный общеобязательный стандарт общего среднего образования

КГУ "Школа-лицей №4 им.Абая" г.Сатпаев, КГУ "Школа-лицей №4 им.Абая" г.Сатпаев
23 Февраля 2016
Вопрос / Обращение
Ознакомились с содержанием нового проекта в области образования Казахстана. Ранее в коллективе рассматривался и разъяснялся процесс обновления содержания образования. Настоящий документ составлен понятно, доступно. Считаем довольно сильной стороной обновления содержания с реализацией 3-х язычного образования. Это, действительно,веление времени и возможность реального выхода казахстанской системе образования на уровень международных стандартов.
Ответ
Здравствуйте! Ваши комментарии приняты к сведению.
Жалпы білім беретін Өркен орта мектебі, Жалпы білім беретін Өркен орта мектебі
23 Февраля 2016
Вопрос / Обращение
Атырау облысы, Исатай ауданы «Жалпы білім беретін Өркен орта мектебі » мемлекетттік мекемесінің ұжымы "Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты" жобасымен танысып, талқылады. Стандарт жобасы оқушылардың жоғары дәрежеде білім алуына негізделген, оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар мен күтілетін нәтижелер нақты түрде көрсетілген. Үш тұғырлы тіл саясатын іске асыруға толық мүмкіндік береді. Бұл болашақта оқушылардың өмірге бейімделуіне, жан - жақты дамуына ықпал етеді. Мектеп ұжымы жобаны қолдайды.
Ответ
Сәлеметсізбе! Сіздердің пікірлеріңіз назарға алынды.
Жалпы білім беретін Ақкөл орта мектебі, Жалпы білім беретін Ақкөл орта мектебі
23 Февраля 2016
Вопрос / Обращение
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ақкөл жалпы орта мектебінің ұжымы "Мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы орта білім беру стандарты" жобасымен танысып шықтық және талқыладық. Стандарт жаңа заман талабына сай жасақталған. Әрбір пән бойынша күтілетін нәтижелер анық көрсетілген. Жалпы ұсынылып отырған стандарт жобасы оқушы дағдысын жан-жақты қалыптастыруға бағытталғандығын және алған білімнің күтілетін нәтижелерін арттыруға бағытталғандығында деп білеміз. Біз, мектеп мұғалімдері "Мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы орта білім беру стандартының" жобасын қолдаймыз.
Ответ
Сәлеметсізбе! Сіздердің пікірлеріңіз назарға алынды.
областная школа- интернат для одаренных детей, областная школа- интернат для одаренных детей
23 Февраля 2016
Вопрос / Обращение
Внимательно изучив проект ГОСО, пришли к выводу, что разработка и внедрение нового ГОСО является необходимой мерой модернизации системы образования. Необходимость разработки стандарта продиктована развитием общества и государства, его безопасности, образования и науки, культуры, техники и технологии, экономики и социальной сферы. В сравнении с действующим в настоящее время ГОСО проект позитивен и содержит изменения инновационного характера.Стандарт направлен на воспитание личности, а также направлен на изучение сложных предметов в большом объеме. Обучение трудным предметам, которые будут введены в школьную программу в большом объеме, повысят интерес у учащихся (одаренных личностей), т.е. желание учиться только одаренным детям, и нежелание учиться слабоуспевающим, отрицательно может повлиять на здоровье обучающихся, навыков школьников. Трудности, которые встретятся в процессе обучения по новому ГОСО: во-первых, учителя не владеют 3-мя языками, основами программирования; во-вторых, мало времени уделено на изучение языка и литературы, математики, т.к объем увеличен и сложен. Для индивидуального развития желательно увеличить часы вариативного компонента. Делается упор на трехъязычное образование в соответствии с международными стандартами. Вместе с тем мы предлагаем оставить 5-бальное оценивание учащихся. Коллектив Областной школы-интернат для одаренных детей одобряет поэтапное внедрение нового стандарта, но для этого школы должны быть готовы и с технической, материальной и с кадровой стороны.
Ответ
Здравствуйте! Ваши комментарии приняты к сведению.
КГУ "Средняя школа имени С.Сейфуллина Индерского районного отдела образования", КГУ "Средняя школа имени С.Сейфуллина Индерского районного отдела образования"
23 Февраля 2016
Вопрос / Обращение
Атырау облысы, "Индер аудандық білім беру бөлімінің C.Cейфуллин атындағы орта мектебінің ұжымы "Мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы орта білім беру стандарты" жобасымен танысып шықтық және талқыладық, Жаңартылған білім беру стандартымен –негізгі талабына сай болашақ ұрпақтың жан-жақты құзыреттілігін қалыптастыратын бағдарлама деп түсіндік. Жоба халықаралық талаптарға сәйкес құрылғаны Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жетілдіруге, Елбасының Қазақстан халқына арнаған жолдауында көрсетілгендей 30 дамыған елдер қатарына енуге жағдай туғызады. Бұл Жоба көптеген ойда жүрген мәселелерді шешуге бағытталған. Атап айтсақ: -Оқушылардың интеллектуалдық дамуына басымдық береді. -Сауаттылықтың негізі бастауыш сыныптардан бастау алады. Бастауыш мектеп стандартында білім мен тәрбие ұштастырылған. Сондықтан осы бағдарламаны жалпы құндылықтар деп санасақ, жалпы құндылықтар осы бағдарламаның тұғыры деп айтуға болады. Бастауыш мектепте оқушылар білімнің алғашқы ілімін меңгереді. Барлық пәндер бір-бірімен сабақтасып оқытылады. Бірізділік жүйесі бастау алады. • Жаңа стандарт жобасында оқушыларды бағалау критерийлері өзгертілген.-Құжатта оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мәселесіне көп көңіл бөлінген. Оқушыларға білім беріп қана қоймай, алған білімін күнделікті өмірде қолдануға үйрету қажеттігі айтылады. Стандарттың тиімділігі – ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, рухани жағынан дамуға жол ашады. Жаңа жағдайда жұмыс істеу үшін педагогтар дайындығы сапалық деңгейге көтерілуі тиістігі баса айтылған. Оқытушылар жаңа педагогикалық технологияларды игеруі және балаларға өмір дағдыларын үйретуге тиіс. Елбасымыздың «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр… Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс.» деп айтқан ой-пікірлері еліміздің мемлекеттік ұлттық саясатын да, білім беру саясатын да кемелдендіре түсіп, тиімді тәжірибелік қадамдар жасауға жол ашады.Стандарт білім алушының әлеуметтік қорғалуын, педагог қызметкерлердің әлеуметтік және кәсіби қорғалуын қамтамасыз ететіндігін қолдаймыз. Мектеп директоры Р.Курганбаева
Ответ
Сәлеметсізбе! Сіздердің пікірлеріңіз назарға алынды.
КГУ , КГУ
23 Февраля 2016
Вопрос / Обращение
Проект ГОСО был обсуждём на педсовете и одобрен педагогическим коллективом.Соответствует социальному заказу общества, требованиям времени и новых подходов к преподаванию и обучению. Согласны с проблемой, обозначенной коллегами из г. Темиртау.
Ответ
Здравствуйте! Ваши комментарии приняты к сведению.
Аққыстау орта мектебі, Аққыстау орта мектебі
23 Февраля 2016
Вопрос / Обращение
Исатай ауданы Аққыстау орта мектебінің ұжымы "Мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы орта білім беру стандарты"жобасымен танысып шықтық және талқыладық. Жаңа стандарттағы өзгерістер оқушының интелектуалдық дамуына,фунционалды сауаттылығы, алған білімдерін өмірде қолдану бағытындағы және үш тұғырлы тіл саясаты қазіргі өмірдің, болашақтың өзекті талаптары екенін көрсеткен.Ұжымдастар жаңа стандартты толық қолдайды.
Ответ
Сәлеметсізбе! Сіздердің пікірлеріңіз назарға алынды.
№11 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп, №11 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
23 Февраля 2016
Вопрос / Обращение
Атырау қаласы №11 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің ұжымы "Негізгі және орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт" жобасымен танысып, талқыланды. Білім стандарты жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жеке тұлға шығармашылығына, ғылым мен білімнің инновациялық жолдарына бағытталып жасалған. Әлемдік білім беру кеңістігіне сай болу үшін оқушының функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары көрсетілген. Әр пән бойынша қойылатын талаптар мен күтілетін нәтижелер айқындалған. Үш тілділік міндетін қолдай отырып пәндік оқулықтардың сапалы мазмұнда ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып жасалуына ұсыныс береміз. Елбасымыздың тапсырмасына сай жалпы мектептердің оқыту деңгейін зияткерлік мектептер деңгейіне жеткізу жұмыстарының жоғары дәрежеде жүргізілуін тереңдету керек деп есептейміз. Стандарт білім алушы мен педагог қызметкерлердің кәсіби қорғалуына ықпал етеді деп сенеміз.
Ответ
Сәлеметсізбе! Сіздердің пікірлеріңіз назарға алынды.
Общеобразовательная средняя школа № 33, Общеобразовательная средняя школа № 33
23 Февраля 2016
Вопрос / Обращение
Педагогический коллектив общеобразовательной средней школы №33 считает, что новый Проект Государственного стандарта образования составлен с учетом новых требований времени, дает возможность интегрирования в международную образовательную систему.Обсуждаемый стандарт способствует воспитанию таких нравственных качеств, как гражданственность и патриотизм. Он также создает условия для углубленного изучения предметов путем поэтапного наращивания предметных знаний и навыков. Даны конкретные цели и ожидаемые результаты по предметам. Особое внимание в новом стандарте обращено на активное применение критериального и формативного оценивания как стимула достижения цели обучения и повышения мотивации обучающихся. Наша школа включилась в инклюзивное образование,отвечающим новому Проекту, который дает равные возможности всем для получения образования. Стандарт направлен на прикладной характер получаемых знаний. Педагогический коллектив поддерживает данный Проект.
Ответ
Здравствуйте! Ваши комментарии приняты к сведению.
"Индер аудандық білім бөлімінің Гребенщик орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Индер аудандық білім бөлімінің Гребенщик орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
23 Февраля 2016
Вопрос / Обращение
Атырау облысы, Индер ауданы,Гребенщик орта мектебінің ұжымы " Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарты" жобасымен танысып шықтық.Жаңа стандарт жобасында оқушылардың функционалдық сауаттылығына, алған білімдерін өмірде қолдана білуіне баса назар аударылған, жоба заман талабына сай жасақталған.Ұстаздар қауымы жаңа стандарт жобасын қолдайды.
Ответ
Сәлеметсізбе! Сіздердің пікірлеріңіз назарға алынды.
"№92 гимназия" КММ, "№92 гимназия" КММ
23 Февраля 2016
Вопрос / Обращение
Қарағанды облысы, «№92 гимназия» КММ ұжымы жаңартылған білім беру стандартымен танысты. Стандарт нақты жаңа заман талаптарына сай жасақталған.Стандартта үш тілділікті дамытуға аса мән берілген. Жоба- заман талабына сай болашақ ұрпақтың жан-жақты құзыреттілігін қалыптастыратын бағдарлама. Жаңа стандартта оқушылардың функционалды сауаттылығы, алған білімдерін өмірде қодануға бағытталғандығы өзекті деп есептейміз. Енгізілген өзгерістер мен толықтырулар оқушылардың білімі мен біліктілік дағдыларын заман талабына сай қалыптастыруға негізделген. Барлық пәндер бір-бірімен сабақтасып оқытылады. Стандарттың тиімділігі – ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, рухани дамуға көмектеседі. Жаңа жағдайда жұмыс істеу үшін педагогтар дайындығы сапалық деңгейге көтерілуі де атап көрсетілген. Білім беру саласындағы мемлекеттің саясатын жүзеге асыру, білім берудегі тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің мақсаттарының тепе-теңдігін қамтамасыз ету, әлемдік білім беру кеңістігіне отандық білім берудің сәтті кірігуін және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету құралы болатын тұтас жүйе ретінде қарастырылған бұл жобаны гимназия педагогикалық ұжымы қолдайды.
Ответ
Сәлеметсізбе! Сіздердің пікірлеріңіз назарға алынды.
сош №10 г.Жезказган, сош №10 г.Жезказган
23 Февраля 2016
Вопрос / Обращение
Жезқазған қаласының №10 орта мектебінің ұжымы жаңа стандарт жобасымен танысып, талқыға салды. Стандарт жаңа талапқа сай жасалған. Әр оқушының білім алудағы қажеттілігі нақты көрсетілген. Талдай келе инклюзивті оқыту кейбір категориядағы оқушылар үшін қоғамның талабынан алшақ қалмауына мүмкіндік туғызады. Мұғалімдер бұ үшін бұл оқыту бойынша өзіндік проблемалары болуы мүмкін.Осындай қиыншылықтар кезінде мұғалімдер үшін арнайы семинар-тренингтер болса керемет болар еді.Сонымен қатар 2020 жылдан бастап кейбір пәндердің ағылшын тілінде өткізілетіні әрине қазіргі талап, бұл оқушылардың жан-жақты білім алуына, кез-келген тілде ақпарат алмасуға әлемдің деңгейде мүмкіншіліктері мол екені анық. Осы орайда осы пәндерді беретін мұғалімдер тарапынан мынадай сұрақ туады: 4 жылдың көлемінде ағылшын тілін кәсіптік деңгейде меңгеруді министрлік қалай ұйымдастырады?
Ответ
Сәлеметсізбе! Сіздердің пікірлеріңіз назарға алынды.

Оставьте комментарий

Captcha
© Официальный сайт Национальной акадмии образования им. И.Алтынсарина, 2019
г. Астана, пр. Мәңгілік Ел,8, бизнес-центр "Алтын Орда", 15 - 16 этаж
тел.: 8(7172) 577203