info@nao.kz
+7 7172 577 203

Государственный общеобязательный стандарт общего среднего образования

СШ Панфилова, Кайрбекова Гульдана Хайсановна
26 Февраля 2016
Вопрос / Обращение
Алматинская область Каратальский район с.Ортатобе средняя школа имени Панфилова Педагогический коллектив изучив проект Государственного общеобязательного стандарта основного среднего образования и общего среднего образования считаем, направлен прежде всего на повышение качества обучения, на реализацию политики трехъязычного образования, на осуществление принципа единства обучения и воспитания, создание среды путем применения различных методов, форм и педагогических технологий воспитания, обучения и развития, создание специальных условий для детей с особыми образовательными потребностями и индивидуальными возможностями. Особое внимание уделяется воспитанию у учащихся общечеловеческих ценностей и гражданской активности, лидерской позиции, развитию функциональной грамотности. В целом проект государственного общеобязательного стандарта основного среднего образования предлагаем одобрить.
Ответ
Здравствуйте! Ваши комментарии приняты к сведению.
Аудандық білім бөлімі, Амиржанова Анар Сагинтаевна
25 Февраля 2016
Вопрос / Обращение
Алматы облысы,Қараталауданы жаңа стандарт жобасымен ұжым танысып,талданды. Бұл жаңа жобада бейнді сыныптар ағылшын тілінде оқытылады делінген. Алайда бүгінгі таңда жоғары сынып оқушыларының бұл тілді меңгеру деңгейі төмен. Ол үшін ағылшын тілі сабағының сағат санын көбейту қажет деп ойлаймыз. Және де көптеген пәндер өзара кіріктірілген. Мұндай өзгеріс енгізу үшін көп дайындық қажет. Мұғалімдерді қайта даярлау, ресурстар әзірлеу деген сиқты. Дегенмен жаңа жоба оқушының шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Оқушыға білімді өмірде қолдана алатындай етіп беруді көздейді.
Ответ
Сәлеметсізбе! Сіздердің пікірлеріңіз назарға алынды.
Жезқазған қаласының білім бөлімінің №11 жалпы орта білім беретін мектебі КММ, Жезқазған қаласының білім бөлімінің №11 жалпы орта білім беретін мектебі КММ, Жезқазған қаласының білім бөлімінің №11 жалпы орта білім беретін мектебі КММ, Жезқазған қаласының білім бөлімінің №11 жалпы орта білім беретін мектебі КММ
25 Февраля 2016
Вопрос / Обращение
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласындағы №11 жалпы орта білім беретін мектеп ұжымы "Мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы білім беру стандарты" жобасымен танысып, талқыланды. Жаңа жобадағы өзгерістер мен толықтырулар оқушылардың құзіреттілік сауаттылықтарын қалыптастыруға көмектеседі. Болашақта оқушылардың өмірге деген бейімделуін және жан - жақты дамуына ықпал етеді. Бұл стандарт нәтижеге бағытталған білім беру болып табылады. Біз, мектеп ұжымы "Мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы орта білім беру стандартының" жобасын қолдаймыз.
Ответ
Сәлеметсізбе! Сіздердің пікірлеріңіз назарға алынды.
№7 орта мектеп директорв, Т.Есмакынов
25 Февраля 2016
Вопрос / Обращение
Алматы облысы, "Қапшағай қаласынның білім бөлімі" ММ "Кербулақ ауылындағы №7орта мектеп МДШ" МКМ-нің мектеп ұжымы "Мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы білім беру стандарты" жобасымен танысып, талқылады. Біздің ұжым "Мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы орта білім беру стандартының" жобасын толығымен қолдаймыз.
Ответ
Сәлеметсізбе! Сіздердің пікірлеріңіз назарға алынды.
Қапшағай қаласы білім бөлімі, Т.Хавзар
25 Февраля 2016
Вопрос / Обращение
Алматы облысы, Қапшағай қаласынның білім бөлімі "Мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы білім беру стандарты" жобасымен танысып, әдістемелік кабинеттің әдіскерлер талқылады. Қапшағай қаласы мен аймағындағы білім мекемелері "Мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы орта білім беру стандартының" жобасын толығымен қолдаймыз.
Ответ
Сәлеметсізбе! Сіздердің пікірлеріңіз назарға алынды.
Алматы облысы Көксу ауданының білім бөлімі, Төкенова Сағымбала Құлсейітқызы
25 Февраля 2016
Вопрос / Обращение
"Мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы білім беру стандарты" жобасы Алматы облысы Көксу ауданына қарасты барлық білім беру ұжымдарында таныстырылып, талқылау жұмысы жүрді. Аудан ұстаздары жаңа білім беру стандартын қолдай отыра, жаңа бағдарламаның оқушының қарқынды дамып келе жатқан ортадағы өмір сүру қабілетін арттыратындығына, өзін-өзі дамытуға, өзіндік ой тұжырымын пайымдауына, өзінің қабілетін жан-жақты дамытуына зор мүмкіндік туғызатындығын жеткізеді. Сондай-ақ, зерттеуге оқыту, критериалды бағалау, пәндерді кіріктіре оқыту, сыни тұрғыдан ойлау деңгейін арттыру баланың интеллектуалдық дамуына бағытталған. Заман талабына сай мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы білім беру стандарты – бір күндік дүние емес, бірнеше жыл бойы зерттеліп, сараланған құжат екендігіне баса көңіл бөле отырып, аудан педагогтары жаңа жобаны толық қолдайды.
Ответ
Сәлеметсізбе! Сіздердің пікірлеріңіз назарға алынды.
Алматы облысы Ескелді ауданы, Сейтбаев Бейбіт
25 Февраля 2016
Вопрос / Обращение
Алматы облысы, Ескелді ауданы білім бөлімінің ұжымы "Мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы білім беру стандарты" жобасы талқыланды.Мұнда жоба өзгермелі қоғамда өмір сүретін мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын дамытуға жол ашады. Біз, "Мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы орта білім беру стандартының" жобасын қолдаймыз.
Ответ
Сәлеметсізбе! Сіздердің пікірлеріңіз назарға алынды.
№ 17 ОМ, Хайрат Ақжол
25 Февраля 2016
Вопрос / Обращение
Талдықорған қаласының « №17 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ –нің педагогикалық ұжымы «Мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы білім беру стандарты» жобасымен танысып, талқыладық. Оқушылардың білім деңгейіне қойылатын талаптар мен күтілетін нәтиже айқын көрсетіліп, жобадағы өзгерістер мен толықтырулар білім алушылардың білімі, білік, дағдысын дамыту толық ескерілген.Бұл стандартың көмегімен оқушылардың білім деңгейі алде қайда жоғарлайды деп ойлаймыз. Мектеп ұжымы стандартты толыққанды келіседі.
Ответ
Сәлеметсізбе! Сіздердің пікірлеріңіз назарға алынды.
Исатай ауылы Мектеп көшесі 20, Хайруллина Ұлбосын Садыққызы
25 Февраля 2016
Вопрос / Обращение
Жалпы білім беретін Исатай орта мектебі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2015 жылғы 25 сәуір № 327 Астана, Үкімет Үйі «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулысын ұжым арасында талқылап, таныстық. Жобадағы өзгерістер мен толықтырулар оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға, үш тұғырлы тіл саясатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді деген ойдамыз. Жаңа жобаның бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруда маңызы зор деп есептейміз.
Ответ
Сәлеметсізбе! Сіздердің пікірлеріңіз назарға алынды.
Чаганская средняя школа Теректинского района ЗКО, Плотникова Елена Николаевна
25 Февраля 2016
Вопрос / Обращение
ГОСО направлен на создание образовательной среды, воспитание личности умеющей проявлять функциональную грамотность и находить выход в любой жизненной ситуации. Большое значение уделяется трехязычию. Программа построена по спиралевидной форме, то есть знания учащихся совершенствуются и закрепляются. Это способствует тому, что учащиеся не испытывают трудностей в обучении. Современное обучение в школе ориентировано на личность ребенка. Оно доступно каждому, учитываются возрастные особенности учащихся.
Ответ
Здравствуйте! Ваши комментарии приняты к сведению.
Бейнеу аудандық білім бөлімі мен Бейнеу аудандық білім беруді үйлестіру орталығының ұжымы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының жобасымен танысып, талқылады. Жаңа стандарт жобасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар заман талабына сай жасалған және оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыруға негізделген. Аталған ұжым мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының жобасын қолдайтындығын білдіреді., Жаулыев Шоқан Джазыкбаевич
25 Февраля 2016
Вопрос / Обращение
Бейнеу аудандық білім бөлімі мен Бейнеу аудандық білім беруді үйлестіру орталығының ұжымы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының жобасымен танысып, талқылады. Жаңа стандарт жобасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар заман талабына сай жасалған және оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыруға негізделген. Аталған ұжым мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының жобасын қолдайтындығын білдіреді.
Ответ
Сәлеметсізбе! Сіздердің пікірлеріңіз назарға алынды.
"Жезқазған қаласының білім бөлімінің №8 гимназиясы"КММ,Жезқазған қаласы, "Жезқазған қаласының білім бөлімінің №8 гимназиясы"КММ,Жезқазған қаласы
25 Февраля 2016
Вопрос / Обращение
Жезқазған қаласындағы №8 гимназия ұжымына мемлекеттік білім беру стандартының жобасы таныстырылды. Бұл жоба заман талабына сай сұраныстан туындап отыр. Стандартта оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар бойынша күтілетін нәтиже нақты жазылған. Пәндердің кіріктірілу де жақсы ойластырылған. Бейінді пәндерді ағылшын тілінде жүргізу кезінде мамандармен қамтылуын көп көңіл бөлуі керек екендігі айтылды.Ұжым жобаны қолдайды.
Ответ
Сәлеметсізбе! Сіздердің пікірлеріңіз назарға алынды.

Оставьте комментарий

Captcha
© Официальный сайт Национальной акадмии образования им. И.Алтынсарина, 2019
г. Астана, пр. Мәңгілік Ел,8, бизнес-центр "Алтын Орда", 15 - 16 этаж
тел.: 8(7172) 577203