+7 7172 577 203
info@nao.kz

Государственный общеобязательный стандарт основного среднего образования

О.Сарғұнанов атындағы о\м, О.Сарғұнанов атындағы о\м
19 Февраля 2016
Вопрос / Обращение
Мақат ауданының О.Сарғұнанов орта мектеп ұжымы Маңғыстау облысында өткен оқыту қазақ тілді емес мектептердің 1-11 сыныптарына арналған"Қазақ тілі" пәнінің деңгейлік оқулықтары мен оқу -әдістемелік кешендерін апробациядан өткізу барысына арналған өңірлік семинардың мұғалім- практиктерге берері мол. Сондықтан да жалпыға міндетті білім стандартының 2015-2016 оқу жылының оқу-кешеніне тиімді деп есептейміз. Қабылданған Қаулы жобасына ұсыныстарымыз жоқ екенін хабардар етеміз.
Ответ
Сәлеметсізбе! Сіздердің пікірлеріңіз назарға алынды.
М.В Ломоносов жалпы орта мектебі, М.В Ломоносов жалпы орта мектебі
19 Февраля 2016
Вопрос / Обращение
Атырау облысы Құрманғазы ауданы М.В Ломоносов атындағы жалпы орта мектеп 19 ақпан 2016ж Атырау облысы Құрманғазы ауданы М.В Ломоносов атындағы жалпы орта мектеп 2015-2016 оқу жылынан бастап 1-11 сыныптарына арналған "қазақ тілі" пәнінің деңгейлік оқулықтары бойынша апробациялық эксперимент жүріп жатыр. Осы эксперимент бойынша ақпан айында, Ақтау қаласында, Республика деңгейінде 1 жартыжылдықтың қорытындысын талқылау семинары болып өтті. Семинар барысында оқулық авторларымен кездесіп, баяндамалар оқылып, ұстаздар пікір алмасты. Біздің мектеп ұстаздарының апробациялық эксперимент барысындағы пікірі: жаңа заман талабына сай деңгейлік оқулығының оқу - әдістемелік кешендерінің сапасы жақсы, оқулық ішіндегі тапсырмалар жас ерекшеліктеріне байланысты құрылған. Сондықтан, оқыту қазақ тілді емес мектептердің 1-11 сыныптарына арналған"Қазақ тілі" пәнінің деңгейлік оқулықтары мен оқу -әдістемелік кешендерін тиімді деп санаймыз.
Ответ
Сәлеметсізбе! Сіздердің пікірлеріңіз назарға алынды.
Астана қаласы №76 мектеп-лицейі, Астана қаласы №76 мектеп-лицейі
19 Февраля 2016
Вопрос / Обращение
АСТАНА ҚАЛАСЫ №76 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының жобасымен мектеп ұжымы танысып,өз ойларымен бөлісті. Жаңа стандарт жобасы оқушылардың білім,білік,дағдыларын қалыптастыруға негізделген. Стандартта оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың,күтілетін нәтижелердің нақты жазылғанын, соның негізінде оқу бағдарламаларының жазылатыны мен критериалды бағалаудың болатынын ұстаздар қауымы қолдап отыр. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға негізделген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының жобасын қолдаймыз!
Ответ
Сәлеметсізбе! Сіздердің пікірлеріңіз назарға алынды.
КГУ «Инновационный центр развития образования и воспитания» управления образования Павлодарской области, КГУ «Инновационный центр развития образования и воспитания» управления образования Павлодарской области
19 Февраля 2016
Вопрос / Обращение
Предложения по итогам обсуждения проекта новых государственных общеобязательных стандартов основного среднего и общего среднего образования РК Изучив и обсудив проект основного среднего и общего среднего образования РК педагогические коллективы школ области одобряют содержание предлагаемых ГОСО, так как они содержат концептуальные направления деятельности педагогического сообщества по конкретной реализации задач, поставленных Президентом страны в своем Послании «Стратегия -2050»: подготовить выпускника школы - гражданина, патриота своей страны, обладающего навыками широкого спектра, навыками, необходимыми в 21 веке. Поэтапное внедрение ГОСО позволит подготовить учебно-методическую платформу для их реализации и позволит обеспечить - повышение качества обучения и воспитания за счет достижения системы целей основного среднего и общего среднего образования, представленной в виде ожидаемых результатов обучения - то новое, чего не было ранее; решить задачи прикладного характера обучения через сочетание академической и практической направленности основного среднего образования, в связи с чем положительно воспринимается введение проектной и исследовательской деятельности в практику школы на разных уровнях обучения; - поэтапного расширения предметных знаний и навыков посредством «спирального» принципа обучения предметам; внутрипредметные и межпредметные связи позволят реализовать цели среднего образования. 1. Важным моментом в ГОСО является акцент на обеспечение трехъязычного обучения через все предметы, что позволит учащимся развивать и совершенствовать коммуникативные навыки, необходимые для жизненного самоопределения, успешного продвижения в профессиональной сфере деятельности. 2. Впервые определены новые виды оценивания - формативное и суммативное оценивание. 3. Включено понятие об инклюзивном образовании, реализация которого обеспечит равный доступ к качественному образованию всех обучающихся с учетом особых образовательных потребностей и индивидуальных возможностей. 4. Очень подробно указаны состав, структура и объем содержания по каждой предметной области, подлежащей обязательному изучению, что даст возможность учителю точно определять краткосрочные и перспективные цели обучения при построении учебного процесса. 5. Четко определены требования к уровню подготовки обучающихся и воспитанников, указаны ожидаемые результаты обучения по образовательным областям (и учебным предметам) в виде системы целей долгосрочного характера по учебным предметам, входящим в определенную образовательную область. 6. Ожидаемые результаты обучения по профилирующим учебным предметам в 11-12 классах каждого направления представлены соответственно стандартному и углубленному уровням обучения и служат основой для определения содержания учебных предметов с учетом особенностей профиля обучения. Определены учебные предметы углубленного уровня обучения и предметы стандартного уровня. Для каждого уровня - стандарты содержания и цели курса. Педагоги школ области предлагают внести дополнение в содержание раздела 4 пункта 65 «Требования к максимальному объему учебной нагрузки»: - деление на подгруппы при изучении профильных дисциплин на старшей ступени обучения; такая норма необходима, так как профильные предметы осваиваются на углубленном уровне. 7. Мемлекеттік тілді деңгейлік үздіксіз оқыту стандартына сай Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің 2015 жылғы 26 тамызындағы №542 бұйрығы, Павлодар облысының білім беру басқармасының 2015 жылғы 1 қыркүйектегі №321 бұйрығы негізінде қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептердің 1-11-сыныптарына арналған қазақ тілінің деңгейлік оқулықтарын сынақтан өткізу жұмысы біздің Павлодар қаласының №24 ЖОМ және Успен ауданың №1ЖОМ өткізілуде. Сараптама жасап жатқан қазақ тілі мұғалімдері, ата-аналар және Білім беру және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері бірлесіп негізгі орта және білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты жобасымен танысып, талқыладық. «Қазақ тілі» апробациядан өтетін деңгейлік оқулықтарымен салыстыра отырып қарастырдық. Сараптамадан өткізіп жатқан оқулықтар ұсынылып отырған мемлекеттік білім беру стандартына сай келеді. Оқулық үш аядан: әлеументік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және оқу еңбек аясынан тұрады, сөйлесім әрекетінің түрлері нақты көрсетіліп берілгендіктен маңызы зор. Біздің, ойымызша, мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты жобасы заман талабына сай құрастырылған. Оқулықтарымыз білім нәрін сусындатып қана қоймай оқушыларды отансүйгіштікке баулу, салт-дәстүрді білуге бағытталған. Біз жаңа стандарт жобасын қолдаймыз.
Ответ
Сәлеметсізбе! Сіздердің пікірлеріңіз назарға алынды.
Астана қаласы Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясы, Астана қаласы Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясы
19 Февраля 2016
Вопрос / Обращение
Астана қаласы Мемлекеттік мекеме Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясында 2015-2016 оқу жылынан бастап 1-11 сыныптарына арналған "қазақ тілі" пәнінің деңгейлік оқулықтары бойынша апробациялық эксперимент жүріп жатыр.Осы эксперимент бойынша қаңтар айында, Астана қаласында, Республика деңгейінде 1 жартыжылдықтың қорытындысын талқылау семинары болып өтті. Семинар барысында оқулық авторларымен кездесіп, баяндамалар оқылып, ұстаздар пікір алмасты. Біздің мектеп ұстаздарының апробациялық эксперимент барысындағы пікірі: жаңа заман талабына сай деңгейлік оқулығының оқу - әдістемелік кешендерінің сапасы жақсы, оқулық ішіндегі тапсырмалар жас ерекшеліктеріне байланысты құрылған. Сондықтан, оқыту қазақ тілді емес мектептердің 1-11 сыныптарына арналған"Қазақ тілі" пәнінің деңгейлік оқулықтары мен оқу -әдістемелік кешендерін тиімді деп санаймыз.
Ответ
Сәлеметсізбе! Сіздердің пікірлеріңіз назарға алынды.
АСТАНА ҚАЛАСЫ, №53 МЛ. , АСТАНА ҚАЛАСЫ, №53 МЛ.
19 Февраля 2016
Вопрос / Обращение
Астана қаласы, № 53-мектеп-лицей. Біз Астана қаласы №53 мектеп –лицейінің орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндер бірлестігінің мұғалімдері ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты оқу жылының басында білім берудегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты жобасымен және бағдарламамен таныстық. Осы бағдарламаға сәйкес «ҚАЗАҚ ТІЛІ» пәнінің қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептердің 1-11-сыныптарына арналған деңгейлік оқулықтарды сынақтан өткізіп жатқан мектептердің қатарында болғандықтан оқулықтарды практикада қолданып көрдік. Мемлекеттік тілді оқытуда жаңа сапа, жаңа мазмұнды оқу үрдісіне көшіру барысындағы «Балабақша-мектеп-колледж-жоғары оқу орны» мемлекеттік тілді үздіксіз деңгейлеп оқыту жүйесіне арнап шығарылған жаңа оқулықтардың барлығы да жақсы. Оқу бағдарламасына сай жазылған. Бұл оқулықтар қазіргі таңда бізге қажет.
Ответ
Сәлеметсізбе! Сіздердің пікірлеріңіз назарға алынды.
№3 орта мектеп, №3 орта мектеп
19 Февраля 2016
Вопрос / Обращение
Біз, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы №3 орта мектебі биылғы оқу жылының басынан 1 - 11 сыныптарға арналған "Қазақ тілі" пәнінің деңгейлік оқулықтары бойынша апробациялық эксперимент жүргізіп жатырмыз.Оқулықтың тиімділігі жөнінде айтатын болсақ, білім деңгейін жүйелі түрде меңгеруге бағытталған.Бұл деңгейлік оқулық пен оқу-әдістемелік кешендерін апробациядан өткізу барысында Ақтау қаласында 12-13 ақпан аралығында республикалық өңірлік семинар болып, аталмыш мектеп ұстаздары баяндамалар оқып, шебелік сыныптарын көрсетіп, өз ойларымен бөлісті. Мектеп ұстаздарының пайымдауынша: жаңа буын оқулықтары қазіргі білім беру мазмұнының талабын толық ескере отырып жазылған. Сол себепті жаңаша ойлайтын, білімді де білікті шәкірт даярлауға тиімді оқулық болып саналады.
Ответ
Сәлеметсіздерме! Сіздердің жіберген пікірлеріңіз назарға алынды.
"Қырық құдық ауылы орта мектебі" ММ, "Қырық құдық ауылы орта мектебі" ММ
19 Февраля 2016
Вопрос / Обращение
"Қырық құдық ауылы орта мектебі" ММ Ахметвалиева Т.В. Жалпы орта білім беру және негізгі орта білім берудің мемлекеттік білім беру стандарттарының жобасын зерделеп, ауылдық мектеп үшін қажетті мынадай тармақтарды атауға болады: дербес жұмыс істей білу ; экологиялық мәдениет, ғылыми-зерттеу , жобалау және кеңістіктік ойлауды дамыту; Қазіргі әлемдегі тілдік оқыту маңызын түсіну.
Ответ
Сәлеметсіздерме! Сіздердің жіберген пікірлеріңіз назарға алынды.
Тараз қаласы №40 гимназия, Тараз қаласы №40 гимназия
18 Февраля 2016
Вопрос / Обращение
Біз, Тараз қаласы №40 гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі мұғалімдері негізгі орта және білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты жобасымен танысып, бірлестіктің отырысында талқыладық. Біздің гимназия қазақ тілінен басқа тілде оқытатын 11 жылдық жалпы білім беретін мектептерге ұсынылған «Қазақ тілінің» деңгейлік оқулықтарын апробациядан өткізіп жатқан мектептердің қатарында. Осы оқулықтар ұсынылып отырған мемлекеттік білім беру стандартына сай келеді.Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сай қолданысқа енуіне стандарт жобасында берілген қазақ тілін коммуникацияға құрылған білім мазмұны арқылы меңгерту әдісінің (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) маңызы зор деп ойлаймыз. Жалпы, стандарт жобасын қолдаймыз.
Ответ
Сәлеметсіздерме! Сіздердің жіберген пікірлеріңіз назарға алынды.
ОСШОД №8, ОСШОД №8
18 Февраля 2016
Вопрос / Обращение
Администрация и педагогический коллектив ОСШОД №В г.Уральска ознакомились с проектом ГОСО, требованиями к содержанию образования, с требованиями к уровню подготовки обучающихся и воспитанников по данному проекту. Организация учебного процесса предполагает использование интерактивных методов обучения, которые основаны на организации освоения опыта самим обучающимся путем проявления активности в обсуждении вопросов, в аргументации точки зрения, инициативы к поиску и принятию конструктивного решения. Педагогический состав ОСШОД №8 предлагает одобрить проект государственного общеобязательного стандарта основного образования. В качестве базовых ценностей в содержании основного среднего образования определены: казахстанский патриотизм и гражданская ответственность; уважение; сотрудничество; труд и творчество; открытость; образование в течение всей жизни. На базе ОСШОД №8 проводится эксперимент по апробации учебников казахского языка "Уровневое обучение казахскому языку в школах с негосударственным языком обучения". По мнению учителей-предметников и ученического коллектива данные учебники соответствуют современным требованиям.
Ответ
Здравствуйте! Ваши комментарии приняты к сведению.
Астана қаласы 63 мектеп-гимназия, Астана қаласы 63 мектеп-гимназия
19 Февраля 2016
Вопрос / Обращение
19 ақпан 2016 Біз,Астана қаласы № 63 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің мұғалімдері негізгі орта және білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты жобасымен танысып, бірлестіктің отырысында талқыладық. Біздің гимназия қазақ тілінен басқа тілде оқытатын 11 жылдық жалпы білім беретін мектептерге ұсынылған «Қазақ тілінің» деңгейлік оқулықтарын апробациядан өткізіп жатқан мектептердің қатарындамыз.Эксперимент жүргізуші пән мұғалімдері мен ата-аналардың пікірі бойынша оқулық мектеп түлегі мемлекеттік тілді меңгеріп шығу талаптарына сай жазылған. Жалпы, стандарт жобасын қолдаймыз.
Ответ
Сәлеметсізбе! Сіздердің пікірлеріңіз назарға алынды.
КГУ №69 школа-гимназия, КГУ №69 школа-гимназия
18 Февраля 2016
Вопрос / Обращение
Здравствуйте! Проект государственного общеобязательного стандарта основного среднего образования изучили, продолжаем обсуждение среди педагогического коллектива школы, в целом проект государственного общеобязательного стандарта основного среднего образования предлагаем одобрить.
Ответ
Здравствуйте! Ваши комментарии по ГОСО приняты к сведению.

первая 1 7 8 9 след. последняя последняя

Оставьте комментарий

Captcha