+7 7172 577 203
info@nao.kz

Государственный общеобязательный стандарт основного среднего образования

Жалпы білім беретін Ғ.Мәсәлімов атындағы орта мектеп, Жалпы білім беретін Ғ.Мәсәлімов атындағы орта мектеп
23 Февраля 2016
Вопрос / Обращение
Жалпы білім беретін Ғибатолла Мәсәлімов атындағы орта мектеп ұжымы Жаңа мемлекеттік стандарт жобасымен танысып,талқыға салды.Жаңа стандарт заман талабына сай жасалған.Мектептің педагогикалық ұжымы жаңа жобаға енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды қолдайды.Стандартта оқушылардың білім деңгейіне қойылатын талаптар мен күтілетін нәтиже айқындалған.Жаңа жоба педагогикалық технологияларды меңгертіп қана қоймай,оқушылардың функционалдық сауаттылығына да ,білімін бағалауға да өзгерістер енгізілген.Ұжым мүшелері Жаңа жобаны бірауыздан қолдайды.
Ответ
Сәлеметсізбе! Сіздердің пікірлеріңіз назарға алынды.
Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебі, Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебі
23 Февраля 2016
Вопрос / Обращение
Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебі ұжымы Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарты жобасымен танысып,мектеп ұжымы болып талқылады. Бұл Жоба –заман талабына сай болашақ ұрпақтың жан-жақты құзыреттілігін қалыптастыратын бағдарлама деп түсінеміз. Бұл Жобада атап айтсақ оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыра отырып,жеке тұлғаны өмірге бейімдеп тәрбиелеу басты назарға алынған және бастауыш мектеп стандартында білім мен тәрбие ұштастырылған.Үш тілділікті дамыту негізгі мақсат болып танылған.Әр пән бойынша қойылатын талаптар мен күтілетін нәтижелер нақты көрсетілген. Жаңа стандарт жобасын мектеп ұжымы болып қолдаймыз.
Ответ
Сәлеметсізбе! Сіздердің пікірлеріңіз назарға алынды.
Жалпы білім беретін Х. Наубетов атындағы орта мектеп, Жалпы білім беретін Х. Наубетов атындағы орта мектеп
22 Февраля 2016
Вопрос / Обращение
"Негізгі, орта білім берудің мемлекеттік стандартының жобасы» 2050 мемлекеттік бағдарламаға байланысты жасақталған. Өмір бойы білім алу,үш тілді меңгеру, білімнің сапалылығын қамтамасыз ету, отансүйгіштік пен жауапкершілікті қалыптастыру, моральдық принциптерді басшылыққа алу, оқу мен тәрбиеге қойылатын талаптар орынды деп есептейміз. Дамыған 30 елдің қатарына қосылу, білім мен ғылымның инновациялық бағыттарын игермей жүзеге аспайтыны белгілі. Заңдарды сақтау оларға құрметпен қарау,мемлекеттік тілді білу, салт - дәстүрлер мен мәдениетке сыйластықты қалыптастыру елімізді өркениетке жеткізу талабына сәйкес келеді. Сонымен бірге еңбексүйгіштік пен шығармашылық ізденіс, білім мазмұны мен оқушыларға қойылатын талаптар да кеңінен қамтылған. Жалпы айтқанда жаңартылған білім стандартының жобасы дүниежүзілік білім беру жүйесінде қалыптасқан талаптарға сәйкес келеді.Пәндер бойынша оқу жүктемелері оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес дұрыс қойылған деп есептейміз. Стандарт жобасы дүнежүзілік білім жүйесін зерттеулер қорытындысымен шыққан шығармашылық еңбектің жемісі екені белгілі болып отыр. Стандарт жобасын қолдаймыз.
Ответ
Сәлеметсізбе! Сіздердің пікірлеріңіз назарға алынды.
Кулагино орта мектебі, Кулагино орта мектебі
22 Февраля 2016
Вопрос / Обращение
Атырау облысы, Индер ауданы,Кулагино орта мектебінің ұжымы "Мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы орта білім беру стандарты" жобасымен танысып шықтық және талқыладық. Стандарт жаңа заман талабына сай жасақталған. Әрбір пән бойынша күтілетін нәтижелер анық көрсетілген. Жалпы ұсынылып отырған стандарт жобасы оқушы дағдысын жан-жақты қалыптастыруға бағытталғандығын және алған білімнің күтілетін нәтижелерін арттыруға бағытталғандығында деп білеміз. Біз, мектеп мұғалімдері "Мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы орта білім беру стандартының" жобасын қолдаймыз.
Ответ
Сәлеметсізбе! Сіздердің пікірлеріңіз назарға алынды.
КГУ "Средняя школа имени К,Абаханова Индерского районного отдела образования", КГУ "Средняя школа имени К,Абаханова Индерского районного отдела образования"
22 Февраля 2016
Вопрос / Обращение
Атырау облысы,Индер ауданы,Өрлік ауылындағы Қабижан Абаханов атындағы орта мектеп ұжымы "Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарты" жобасымен танысты.Жобаға еніп отырған өзгертулерді қолдаймыз.Жоба қазіргі заман талабына сай жасақталған деп ойлаймыз.Әрбір пән бойынша күтілетін нәтижелер анық көрсетілген.Жаңа стандартта оқушылардың функционалдық сауаттылығын,алған білімдерін өмірде қолдануға бағытталуы маңызды деп есептейміз.Мектеп ұжымы жобаның бекітілуін қолдайды.
Ответ
Сәлеметсізбе! Сіздердің пікірлеріңіз назарға алынды.
Атырау облысы , Атырау облысы
22 Февраля 2016
Вопрос / Обращение
Атырау облысы, Индер ауданы, Құрылыс ауылы. Жаңартылған білім беру стандартымен мектеп ұжымы танысты. Бұл Жоба –заман талабына сай болашақ ұрпақтың жан-жақты құзыреттілігін қалыптастыратын бағдарлама деп түсінеміз. Жоба халықаралық талаптарға сәйкес құрылғаны Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жетілдіруге, Елбасының Қазақстан халқына арнаған жолдауында көрсетілгендей 30 дамыған елдер қатарына енуге жағдай туғызады. Бұл Жобада атап айтсақ: - Оқушылардың интеллектуалдық дамуына басымдық береді; - Сауаттылықтың негізі бастауыш сыныптардан бастау алады. Бастауыш мектеп стандартында білім мен тәрбие ұштастырылған. Сондықтан осы бағдарламаны жалпы құндылықтар деп санасақ, жалпы құндылықтар осы бағдарламаның тұғыры деп айтуға болады. Бастауыш мектепте оқушылар білімнің алғашқы ілімін меңгереді. Барлық пәндер бір-бірімен сабақтасып оқытылады. Бірізділік жүйесі бастау алады; - Жаңа стандарт жобасында оқушыларды бағалау критерийлері өзгерілген; - Жобада оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мәселесіне көп көңіл бөлінген. Оқушыларға білім беріп қана қоймай, алған білімін күнделікті өмірде қолдануға үйрету қажеттігі айтылады. Стандарттың тиімділігі – ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, рухани дамуға көмектеседі; Жаңа жағдайда жұмыс істеу үшін педагогтар дайындығы сапалық деңгейге көтерілуі тиістігі баса айтылған. Оқытушылар жаңа педагогикалық технологияларды игеруі және балаларға өмір дағдыларын үйретуге тиіс. Елбасымыздың «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр… Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс.» деп айтқан ой-пікірлері еліміздің мемлекеттік ұлттық саясатын да, білім беру саясатын да кемелдендіре түсіп, тиімді тәжірибелік қадамдар жасауға жол ашады. Стандарт білім алушының әлеуметтік қорғалуын, педагог қызметкерлердің әлеуметтік және кәсіби қорғалуын қамтамасыз ететіндігін қолдаймыз.
Ответ
Сәлеметсізбе! Сіздердің пікірлеріңіз назарға алынды.
Индер аудандық білім бөлімінің "Көктем" қазақ орта мектебі, Индер аудандық білім бөлімінің "Көктем" қазақ орта мектебі
22 Февраля 2016
Вопрос / Обращение
Атырау облысы Индер ауданы "Көктем" қазақ орта мектебінің педагогикалық ұжымы Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарты жобасымен танысып шықты. Біз, ұжым мүшелері, жаңартылған білім беру стандартын біздің еліміздегі барлық білім беру саласын өзгертудің негізгі элементтерінің бірі, яғни басқа да елеулі жаңартулармен бірге Қазақстандық білім беруді сапалы жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін жоба деп қабылдаймыз. Білім беру саласындағы мемлекеттің саясатын жүзеге асыру, білім берудегі тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің мақсаттарының тепе-теңдігін қамтамасыз ету, әлемдік білім беру кеңістігіне отандық білім берудің сәтті кірігуін және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету құралы болатын тұтас жүйе ретінде қарастырылған бұл жобаны педагогикалық ұжым мүшелері бір ауыздан қолдайды. Мектеп директоры: О.М.Дилмукашева
Ответ
Сәлеметсізбе! Сіздердің пікірлеріңіз назарға алынды.
Атырау облысы "Индер аудандық білім беру бөлімінің М.Мөңкеұлы атындағы орта мектебі" КММ, Атырау облысы "Индер аудандық білім беру бөлімінің М.Мөңкеұлы атындағы орта мектебі" КММ
22 Февраля 2016
Вопрос / Обращение
Атырау облысының "Индер аудандық білім беру бөлімінің М.Мөңкеұлы атындағы орта мектебі" КММ 22 Ақпан 2016 Жаңартылған білім стандартымен мектеп ұжымы танысты. Жаңартылған білім беру стандартымен –негізгі талабына сай болашақ ұрпақтың жан-жақты құзыреттілігін қалыптастыратын бағдарлама деп түсіндік. Жоба халықаралық талаптарға сәйкес құрылғаны Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жетілдіруге, Елбасының Қазақстан халқына арнаған жолдауында көрсетілгендей 30 дамыған елдер қатарына енуге жағдай туғызады. Бұл Жоба көптеген ойда жүрген мәселелерді шешуге бағытталған. Атап айтсақ: -Оқушылардың интеллектуалдық дамуына басымдық береді. -Сауаттылықтың негізі бастауыш сыныптардан бастау алады. Бастауыш мектеп стандартында білім мен тәрбие ұштастырылған. Сондықтан осы бағдарламаны жалпы құндылықтар деп санасақ, жалпы құндылықтар осы бағдарламаның тұғыры деп айтуға болады. Бастауыш мектепте оқушылар білімнің алғашқы ілімін меңгереді. Барлық пәндер бір-бірімен сабақтасып оқытылады. Бірізділік жүйесі бастау алады. • Жаңа стандарт жобасында оқушыларды бағалау критерийлері өзгертілген.-Құжатта оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мәселесіне көп көңіл бөлінген. Оқушыларға білім беріп қана қоймай, алған білімін күнделікті өмірде қолдануға үйрету қажеттігі айтылады. Стандарттың тиімділігі – ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, рухани жағынан дамуға жол ашады. Жаңа жағдайда жұмыс істеу үшін педагогтар дайындығы сапалық деңгейге көтерілуі тиістігі баса айтылған. Оқытушылар жаңа педагогикалық технологияларды игеруі және балаларға өмір дағдыларын үйретуге тиіс. Елбасымыздың «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр… Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс.» деп айтқан ой-пікірлері еліміздің мемлекеттік ұлттық саясатын да, білім беру саясатын да кемелдендіре түсіп, тиімді тәжірибелік қадамдар жасауға жол ашады.Стандарт білім алушының әлеуметтік қорғалуын, педагог қызметкерлердің әлеуметтік және кәсіби қорғалуын қамтамасыз ететіндігін қолдаймыз.
Ответ
Сәлеметсізбе! Сіздердің пікірлеріңіз назарға алынды.
Жалпы білім беретін Абай орта мектебі, Жалпы білім беретін Абай орта мектебі
22 Февраля 2016
Вопрос / Обращение
Атырау облысы Исатай ауданы алпы білім беретін Абай атындағы орта мектеп ұжымы "Мемлекеттік жалпыға міндетті алпы орта білім беру стандарты" жобасымен танысып және қызу талқыладық. Бұл жоба көңілге қонымды, қазіргі заман талабына сай оқушы білімін жан-жақты жетілдіруге, дамытуға бағытталған бәсекеге қабілетті құзіретті тұлға қалыптастыруға негізделген маңызды құжат. Жобаға сәйкес, мұғалімдер жаңа педагогикалық технологияларды терең меңгеріп қана қоймай, жас ұрпаққа өмір дағдыларын үйретуді міндеттейді. Оқушылардың функционалдық сауаттылығына да көп көңіл бөлінген, сонымен қатар оқушы білімін бағалауға да өзгеріс енгізілген.Жобаны талқылай отырып,ұжым мүшелері бірауыздан жаңа жобаны қолдайды
Ответ
Сәлеметсізбе! Сіздердің пікірлеріңіз назарға алынды.
Жалпы білім беретін Юрий Гагарин атындағы орта мектебі, Жалпы білім беретін Юрий Гагарин атындағы орта мектебі
22 Февраля 2016
Вопрос / Обращение
Ұжым жаңа мемлекеттік стандарт жобасымен танысып, талқыға салды.Стандарт нақты жаңа заман талаптарына сай жасақталған.Үш тілділікті дамытуға аса мән берілген. Әрбір пән бойынша күтілетін нәтижелер нақты көрсетілген.Жаңа стандартта оқушылардың функционалды сауаттылығы, алған білімдерін өмірде қодануға бағытталғандығы өзекті деп есептейміз.Енгізілген өзгерістер мен толықтырулар оқушылардың білімі мен біліктілік дағдыларын заман талабына сай қалыптастыруға негізделген. Барлық өзгертулеріне қарсы емеспіз.Ұжым жаңа стандарт жобасын қолдайды.
Ответ
Сәлеметсізбе! Сіздердің пікірлеріңіз назарға алынды.
КГУ "Общеобразовательная школа №12" , КГУ "Общеобразовательная школа №12"
23 Февраля 2016
Вопрос / Обращение
Администрация и коллектив КГУ "Общеобразовательная школа №12" ознакомились с содержанием проекта ГОСО. В проекте рассматриваются достаточно широко требования к уровню подготовки обучающихся и воспитанников, много внимания уделяется полиязычию , оценке учебных достижений обучающихся посредством использования критериев оценки их знаний, определены базовые ценности в содержании образования.Также большое внимание уделяется обеспечению поэтапного наращивания предметных знаний и навыков посредством углубления и расширения содержания образования с учетом возрастных возможностей обучающихся.Но имеется небольшое опасение, что постоянное реформирование образования может иметь поспешные действия (реформы вызваны необходимостью реагировать на меняющиеся социальные условия), поскольку, как свидетельствует история, чтобы всякое действие, способ, метод сработал, должно пройти достаточное количество времени.
Ответ
Здравствуйте! Ваши комментарии приняты к сведению.
Областной лицей имени Ж.Досмухамбетова для одаренных детей с интернатным учреждением, Областной лицей имени Ж.Досмухамбетова для одаренных детей с интернатным учреждением
22 Февраля 2016
Вопрос / Обращение
Атырау қаласы. Ж.Досмұхамбетов атындағы лицей ұжымының «Негізгі, орта білім берудің мемлекеттік стандартының жобасы» бойынша пікірін жолдаймыз. Жаңартылған білім беру стандарты – өскелең заманымыздың негізгі талабына сай келешек ұрпақтың жан-жақты құзыреттілігін қалыптастыратын тың бағдарлама деп есептейміз. Жоба халықаралық талаптарға сәйкес құрылғаны Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жетілдіруге, Елбасының Қазақстан халқына арнаған жолдауында көрсетілгендей 30 дамыған елдер қатарына енуге жағдай туғызады. Бұл заңдылық құжат көптеген ойда жүрген мәселелерді шешуге бағытталған. Атап айтсақ: • Оқушылардың интеллектуалдық дамуына басымдық береді. • Сауаттылықтың негізі бастауыш сыныптардан бастау алады. Бастауыш мектеп стандартында білім мен тәрбие ұштастырылған. Сондықтан осы бағдарламаны жалпы құндылықтар деп санасақ, жалпы құндылықтар осы бағдарламаның тұғыры деп айтуға болады. Бастауыш мектепте оқушылар білімнің алғашқы ілімін меңгереді. Барлық пәндер бір-бірімен сабақтасып оқытылады. Бірізділік жүйесі бастау алады. • Жаңа стандарт жобасында оқушыларды бағалау критериялары өзгерілген. • Құжатта оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мәселесіне көп көңіл бөлінген. Оқушыларға білім беріп қана қоймай, алған білімін күнделікті өмірде қолдануға үйрету қажеттігі айтылады. Стандарттың тиімділігі – ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, рухани байытуға мол септігін тигізеді. Жаңа жағдайда жұмыс істеу үшін педагогтар дайындығы сапалық деңгейге көтерілуі тиістігі баса айтылған. Оқытушылар жаңа педагогикалық технологияларды игеруі және балаларға өмір дағдыларын үйретуге тиіс. Елбасымыздың «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр… Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс.» деп айтқан ой-пікірлері еліміздің мемлекеттік ұлттық саясатын да, білім беру саясатын да кемелдендіре түсіп, тиімді тәжірибелік қадамдар жасауға жол ашады. Бұл тұрғыда елімізде жаңа жобалар мен бағдарламалар нақты іс жүзіне асырылуда. Соның бірі әрі бірегейі де еліміздің білім беру саласында «Негізгі, орта білім берудің мемлекеттік стандартының жобасы» енгізілуі екені белгілі. Лицей директоры: Ф.Г.Шангереева
Ответ
Сәлеметсізбе! Сіздердің пікірлеріңіз назарға алынды.

первая 1 4 5 6 7 8 9 последняя

Оставьте комментарий

Captcha