Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Қазақстан халқы Ассамблеясы депуттаттық тобының отырысы туралы
23.02.2018
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Қазақстан халқы Ассамблеясы депуттаттық тобының отырысы туралы

2018 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Қазақстан халқы Ассамблеясы депуттаттық тобының отырысы өткізілді. Отырыста ҚР Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетов «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің еліміздің жалпы білім беретін мектептерінде қазақ және орыс тілдерін оқытуды жақсарту жөніндегі мәселе туралы» баяндама жасады.

Отырыстың жұмысына ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының өкілдері және жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері қатысты.

Отырыс барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депуттары тарапынан келіп түскен сұрақтарға жан-жақты жауап берілді, сондай-ақ,  жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері қазақ тілі мен орыс тілі пәндерінің оқытылу барысы туралы өздерінің пікірлерін білдірді. 

тізімге қайтып келу