clock for blog free часы html на сайт

Жаңалықтар

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы бойынша Орталық сараптама кеңесінің мәжілісі
12.01.2018
«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы бойынша Орталық сараптама кеңесінің мәжілісі

2018 жылғы 11 қаңтарда Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры, академик Е.Б. Сыдықовтың төрағалығымен «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы бойынша Орталық сараптама кеңесінің кезекті мәжілісі өтті.

Сараптама кеңесінің кезекті мәжілісі өңірлік жобалау кеңселері мен сарапшылар қауымдастығы арасындағы өзара байланысты жақсартуға, Солтүстік Қазақстан облысы мен Астана қаласында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының орындалуын терең талдауға және іске асырылатын жобалардың сапасын арттыру бойынша ұсыныстарды қалыптастыруға бағытталған.

Орталық сараптама кеңесінің мәжілісіне Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының өкілдері: академия президенті Ж. Жылбаев, ғалым хатшы М. Мұқашева, академиядағы орта білім институтының ғылыми қызметкерлері А. Қайыпбаева және  Г. Қуанышева қатысты.

Мәжіліс отырысында  Қазақстанның киелі орындары географиясының республикалық және өңірлік жобалары, 2017 жылы Солтүстік Қазақстан облысы мен Астана қаласында іске асырылған жобаларға сараптамалық баға беру және «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының « Іскер азамат – ел тірегі » жаңа бағыты туралы баяндамалар тыңдалды.

Баяндамаларды талқылау барысында сарапшылар сапалы жобаларды іріктеу бойынша бірнеше ұсыныстар мен ұсынымдар берді.

тізімге қайтып келу