clock for blog free часы html на сайт

Жаңалықтар

Ғылыми кеңестің кеңейтілген мәжілісі
27.12.2017
Ғылыми кеңестің кеңейтілген мәжілісі

2017 жылдың 26 желтоқсанында  Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында Ғылыми кеңестің  кеңейтілген мәжілісі өтті.

Ғылыми  кеңесте 2017 жылы атқарылған жұмыстардың есебі бойынша Академияның президенті, вице президенті, ғылыми хатшы және негізгі құрылымдардың басшылары баяндама жасады.

Академияның жекелеген  құрылымдық бөлімшелері; орта білім беру институты, тәрбие теориясы мен әдістемесі орталығы, жаңартылған білім мазмұнын тарату орталығы, үштілді білім беру орталықтарының ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы оң үрдістері анықталды.

Өмір бойы білім алу, инклюзивті білім беру, көптілді білім беру сияқты қазақстандық білім беруді дамытудың келелі мәселелері  2017 жылы Академияда  өткізілген «Өмір бойы білім алу: тұрақты даму мүддесінде үздіксіз білім беру» халықаралық ғылыми конференциясы (2-3 маусым 2017 жыл) және «Инклюзивті білім берудің даму ерекшеліктері: халықаралық тәжірибе және отандық практика» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларында (21 қыркүйек 2017 жыл)  талқыланды.

Баяндамашылар сондай-ақ жаңартылған білім мазмұны, инклюзивті білім беру, ШКМ-дің біріктірілген сыныптарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша Академияның әзірлеген әдістемелік ұсынымдамаларын мұғалімдер - тәжірибешілер белсенді пайдаланды деп атап өтті.

Академия қызметкерлері  мен ғылыми-кеңестің мүшелері 2018 жылға арналған Академияның іс-шаралар жоспарын талқылауға белсене қатысты.

Ғылыми-кеңестің соңында Академия қызметкерлеріне ҚР БҒМ-нің құрмет грамотасы мен  алғыс хаттары тапсырылды. 

тізімге қайтып келу