Жаңалықтар

Душанбе қаласындағы халықаралық конференция
4.12.2017
 Душанбе қаласындағы халықаралық конференция

2017 жылғы 29  қарашада ТР БҒМ  Білім академиясының Абдурахман Джами атындағы білім беруді дамыту Институты  Тәжікстанның жәрдемдесу қоры - «Ашық қоғам» институтымен серіктестікте және  ЮНИСЕФ өкілеттілігімен «Инклюзивті білім беру: проблемалар, шешу жолдарын іздеу» атты ІІІ халықаралық конференциясын өткізді.

Конференцияның жұмысына Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА Инклюзивті білім беруді дамыту орталығының директоры – Исмагулова С.К. және Инклюзивті білім беруді дамыту орталығының аға ғылыми қызметкері – Зарубаева Б.М. қатысты.

Сондай-ақ, конференцияға Тәжікстан мен ТМД елдерінде инклюзивті білім беру теориясы мен тәжірибесін дамытып жатқан мамандар, сарапшылар, ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, әдіскерлер, жалпы білім беретін, арнайы мектептер мен ЖОО-ның басшылары мен педагогтері, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Конференцияның пленарлық отырысында Исмагулова С.К. «Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беруді дамыту жағдайы мен болашағы туралы» баяндамасын оқыды. Сонымен қоса, Арменияның «Үміт көпірі» ҮЕҰ үйлестірушісі– Рипсиме Назаретян, Тәжікстан білім академиясының вице-президенті, п.ғ.д., академик – Каримова И.Х., Сорос қоры, білім беру бағдарламалары институтының директоры – Дастамбуев Н. өзекті тақырыптар бойынша қызықты баяндамаларын ұсынды..

Конференция барысында ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс үшін кадрлік саясат, оларға оқулықтар, оқу-әдістемелік әдебиеттер мен жеке оқу бағдарламаларын әзірлеу, әртүрлі білім деңгейлерінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың жетістіктерін бағалау және басқа да инклюзивті білім беру саласындағы маңызды мәселелер талқыланды. 

Жұмыс қорытындысында резолюцияның жобасы талқыланып, Конференция қатысушыларының ұсыныстары енгізілді.

тізімге қайтып келу