clock for blog free часы html на сайт

Жаңалықтар

«БІРЕГЕЙЛІК ПЕН БІРЛІК: ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ ЖӘНЕ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҮЛГІСІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
5.12.2017
«БІРЕГЕЙЛІК ПЕН БІРЛІК: ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ ЖӘНЕ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҮЛГІСІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

28 қарашада Елбасы кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне  орай «Бірегейлік пен бірлік: Қазақстан жолы және Н. Назарбаевтың үлгісі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қоры мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының қолдауымен өткізілді.

Әлем елдеріндегі бірегейліктің қалыптасу мәселелерін қазақстандық тәжірибе негізінде салыстыра отырып талқылау, этносаралық және конфессияаралық келісімнің «Н.Назарбаев моделі» ретінде танылған отандық үлгісінің тұсауын кесу мақсатында ұйымдастырылған конференцияға гуманитарлық ғылымдар бағытында еңбек етіп жүрген еліміздің қоғам қайраткерлері мен ғалымдары, Германия, Үндістан, Иран, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейден келген сарапшылар қатысты. Іргелі шара барысында Қазақстанның үшінші жаңғыруының міндеттері, рухани жаңғыру мен қоғамдық сана, бірегейлік мәселелері жан-жақты сөз болды.

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қызметкерлері конференция жұмысына қатысып, баяндамаларды талқылау кезінде өз пікірлерін білдірді.

«Мәдени мұра ұлттық бірліктің өзегі ретінде» атты панельдік сессиясында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, тәрбие теориясы және әдістемесі орталығының директоры, п.ғ.д., профессор Ж.Ж. Наурызбайдың «мәдени бірегейлікті сақтау -қазақ мектебінің асыл мұраты» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалып, талқыланды. Мақала конференция материалдарының жинағына енгізілді. 

тізімге қайтып келу