clock for blog free часы html на сайт

Жаңалықтар

Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы шағын жинақты мектептердің даму келешегі
21.11.2017
Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы  шағын жинақты мектептердің даму келешегі

2017 жылдың 17 қарашасында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Қарағанды облысының Білім басқармасымен бірге «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы шағын жинақты мектептердің даму келешегі» республикалық семинар-кеңесін өткізді.  

Семинар-кеңес жұмысына облыстық оқу-әдістемелік орталықтарының (кабинеттерінің) директорлары, шағын жинақты мектептер мен тірек мектептерінің мәселелері бойынша облыстық білім басқармаларының мамандары, тірек мектептерінің (Ресурстық орталықтардың) директорлары қатысты.

Семинар-кеңесте білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында шағын жинақты мектептерді дамытудың негізгі бағыттары талқыланды және тірек мектептерінің (Ресурстық орталықтардың) жұмысын ұйымдастыру бойынша Қарағанды облысының тәжірибесі таратылды.

Сонымен бірге семинар-кеңес барысында ІІ республикалық «Үздік ресурстық орталық» конкурсының нәтижесі қорытындыланды және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Конкурстық комиссия шешімімен келесі қатысушылар «Үздік ресурстық орталық» конкурсының жүлделі орындарына ие болды:

Бірінші орын - Жамбыл облысының М. Әуезов атындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы);

Екінші орын -   Павлодар обл. «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің №21 Жалпы орта білім беру мектебі» және Қарағанды облысының Осакаровка ауылындағы  №9 гимназия базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы);

Үшінші орын - Алматы обл. «Т. Рысқұлов атындағы орта мектеп және мектеп жанындағы интернатымен», Ақмола облысының Бұланды ауданы әкімшілігінің «Капитоновка орта мектебі»  және Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласындағы №5 жалпы орта мектебі базасындағы ресурстық орталығы. 

тізімге қайтып келу