+7 7172 577 203
info@nao.kz
+7 7172 577 203
info@nao.kz
Новости
Посвящение Дню Независимости
15.12.2012
111
Посвящение Дню Независимости

Тәуелсіздік тәу етер ұлы ұғым,

Ұлықтадым елімнің ұлылығын.

Қалам алып, қолыма жыр жазамын,

Ей, халайық! Сен менің сырымды ұғын.

 

Тәуелсіздік оңай бізге келмеді,

Ер қазағым еркіндік деп шөлдеді.

Бодандықтың тас бұғауын сыпырып,

Кемеліне келіп бүгін өрледі.

 

Ұмытпай жүр қиын-қыстау күніңді,

Бағалайық көш бастаған ұлыңды.

Бабалар аманатын мирас тұтып,

Тойлай бер Алаш жұрты шаттығыңды.

 

Тәуелсіздік басты мұрат еліме,

Астанам бар Сарыарқамдай жерімде.

Нұрсұлтанның нұрлы көші келеді,

Бар қазақтың басын қосып бүгінде.

 

Азаттықтан енді айырма жаратқан!

Егеменді ел-жұртым бар бағы асқан.

Бүкүл дүние көзін тікті бүгінде,

Астанадан бар әлемге тарап таң.

 

Қуан, қазақ, қуанатын кез келді,

Ел болдың сен егеменді еңселі!

Ертеңің бар ертегідей көрінген,

Еңбегіңмен еселей бер еліңді!

 

Омарханов Ернұр Аханұлы

вернуться к списку