+7 7172 577 203
info@nao.kz
+7 7172 577 203
info@nao.kz
Новости
Национальная академия образования им.Ы. Алтынсарина отметила День Первого Президента Республики Казахстан
4.12.2012
127
Национальная академия образования им.Ы. Алтынсарина отметила День Первого Президента Республики Казахстан

2012 жылдың  30 қарашасы күні  Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында   «1 желтоқсан - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні» мерекесіне арналған салтанатты  іс-шара өткізілді.

Салтанатты іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды.

2011 жылдың 10 желтоқсанында ҚР Парламентінің жалпы отырысында Палата депутаттары «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы Заңына толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын қабылдады. Нәтижесінде, 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні болып белгіленді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - мемлекеттің тұтастығын, Конституциясын, адам мен адамзаттың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен, жаңа Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалап, Қазақ Елі үшін жаңа жол бастады.

Академияның Президенті Алма Есімбекқызы Әбілқасымова  ұжымды осынау мәртебелі де мерейлі мемлекеттік мерекемен құттықтап,«Н.Ә. Назарбаев - Тәуелсіз Қазақстан Республикасының негізін қалаушы, Ұлт Көшбасшысы» тақырыбында баяндама жасады.

Н.Ә. - Назарбаев экономиканың даму үрдістерін тани білетін және ондағы Қазақстанның орнын айғақтаған саясаткер ғана емес, ғалым екендігін мойындатты. Ол нарықтық қатынастарға бейімделген «Назарбаев моделін» жүзеге асырды. Осылай, қысқа мерзім ішінде Қазақстан дү­ние жүзіндегі қарқынды дамып келе жатқан елдердің қатарына енді. Қазақстан әлем өркениетінің озық тәжірибесін игер­ді. Мұның бәрі ел экономикасын мүлдем басқа арнаға бұрды. Жаңа технологияларды алып жүретін жаңа ұрпақ, жас кадрлар қажеттігін шешуде «Болашақ» бағ­дар­ламасын енгізді, сегіз мыңға жуық қыз-жігіт шетелдің озық университеттеріне жіберілді. Олар Қазақстанға жаңа ойлау жүйесін алып келді, жаңа технологиялар игеріле бастады. Қазіргі таңда ондай кадрларды Қазақстанда даярлау ісі қолға алынды. Назарбаев ин­тел­лектуалдық мектептері, «На­зарбаев Университеті» талантты балаларға есігін айқара ашты.

Бүгінде Қазақстан - кемел елге, ынтымағы жарасқан мемлекетке айналды. Кемел елдің кемеңгер басшысын ұлықтап, Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мәртебесімен тойлап жатқан Академия ұжымын вице-президенттер педагогика ғылымдарының докторы, профессор А. Мүбараков пен  техника ғылымдарының докторы, профессор Е.Әлпейсов құттықтады.

Еліміз шаңырағын көтеріп, керегесін керіп, Президентін сайлаған кезде Елбасының қасында болып, Президент аппаратында кеңесші қызметін атқарған, мемлекет басшысының Президенттің міндетіне ресми кірісу салтанатын, инаугурациясын өткізуге қатысқан педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.Наурызбай сол күндер туралы естеліктер айтты. Елбасының ерен еңбегін жырына арқау еткен ақын, Мемлекеттік сыйлық иегері Несіпбек Айтовтың «Бәйтерек» дастанын қазақ тілі мен әдебиеті зертханасының аға ғылыми қызметкері М. Рахымбаев оқыды.

Н.Назарбаев – заманын таныған, бо­ла­шақты болжаған ірі саясаткер, өнер киесінің иесі. Н.Назарбаев – Қазақстан Республикасының Әнұран авторларының бірі,  бірнеше өлеңеріне ән жазылды. Бейнеклиптен көрсетілген Н.Назарбаевтың сөзіне жазылған «Үшқоңыр» әнін Академия ұжымы тегіс қосылып шырқады. Жас әншілер Н.Назарбаев сөзіне жазылған «Елім менің» әнін орындады.  Академияның қызметкері Михалев Р. ұлты татар болғанымен Қазақ Елінің азаматы ретінде оның бейбітшілігін, тыныштығын тілейтінін, Президентке деген алғыс сезімін әнмен білдірді.

21 жыл ішінде Қазақстан Республикасы әлемнің озық мемлекеттерінің қатарынан өз орнын ойып алды. Саясатта да, экономика саласында да, спорт саласында да, өнер саласында Көк Бай­рағымыз әлемдегі дамыған мемлекеттердің туларының қасынан тең орын алды.

Н.Ә. На­зарбаев жаһандық саясаттың мін­берінен сөз алды. Елбасының Сарыарқадан шыққан әрбір сөзі Алтай мен Алатаудан асып, Каспий мен Қара теңізден, одан әрі мұхиттардан өтіп, әлемге тарады.  Ғасырға бергісіз жиырма жылдың ішінде қазақ деген ұлтты, Қазақстан атты мемлекетті Еуропа да, мұхиттың арғы жағындағы АҚШ та, көрші Ресей мен Қытай да стратегиялық әріптес ретінде қабылдады.

Елбасы  үшін әр қазақтың бай, қуатты болуы маңызды, ал әр қазақ үшін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мерейі одан әрі үстем бола бергені маңызды болмақ!  Әр қазақ үшін, Қазақстан үшін мәртебесі жоғары мерекені ұлықтаған салтанатты іс-шараны Академия Президенті Алма Есімбекқызы Әбілқасымова:

ӘР ҚАЗАҚҚА!

Тайынба ешбір пендеден!
Тең  келер саған кем де кем.
Құтты  болсын Тұңғыш
Президент күні де, Өзі де –
Мемлекетімізді  өркениет
Елдерменен  теңгерген! –

деген баталы сөзімен аяқтады.

вернуться к списку