Профсоюзная жизнь
Чествование юбиляра
4.12.2015
135

30 ноября 2015 года в Национальной академии образования им. И.Алтынсарина  прошло чествование с 60-летним юбилеем доктора педагогических наук, профессора Баубековой Гульзамиры Джураевны.

Президент Академии Ж.О.Жилбаев от имени коллектива поздравил юбиляра и вручил Поздравительный адрес.

Гульзамира Джураевна добилась высоких побед в  педагогике. Так, после окончания Ферганского государственного университета им.Улугбека продолжила учебу в Московской аспирантуре по специальности: теория и история педагогики. Успешно  защитила                     кандидатскую диссертацию в 1984г.  под руководством основателя этнопедагогической науки профессора В.Н.Волкова.

В 2010г. под руководством выдающего ученого, профессора Б.А.Абдикаримова защитила докторскую диссертацию на тему «Психологическое и педагогическое наследие просветителей Центральной Азии в конце ХІХ - начале ХХ вв».

Профессором Баубековой Г.Д. изданы 6 монографий, большое количество учебных пособий и  методических рекомендаций, научных статей.

За высокое педагогическое мастерство в 2007г. Гульзамира Джураевна удостоена звания «Лучший преподователь ВУЗа».  Под ее руководством защищены 2 кандидатские диссертации.

Коллектив Академии в такой знаменательный день пожелал юбиляру крепкого здоровья, долгих лет жизни, высоких побед!

 

 

 

Поздравительный адрес

Президента Национальной академии

образования им. И.Алтынсарина

Ж.О. Жылбаева

 

 

Құрметті Гүлзамира Жорақызы!

 

Сізді  Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұжымы  60 жылдық мерейлі мерейтойыңызбен құттықтайды!

1977 жылы Ұлықбек атындағы Ферғана мемлекеттік институтын бітірген соң мақсатты жолдамамен Мәскеу аспирантурасында «Педагогика теориясы және тарихы» мамандығы бойынша біліміңізді жалғастырып,  этнопедагогика ғылымының негізін салушы профессор В.Н. Волковтың ғылыми жетекшілігімен 1984 жылы Қазан қаласында кандидаттық диссертация қорғадыңыз.

2010 жылы көрнекті ғалым, профессор Б.Ә. Әбдікәрімовтың жетекшілік етуімен «XIX ғасырдың соңы,   XX ғасырдың басындағы Орталық Азия ағартушыларының психологиялық-педагогикалық мұрасы» тақырыбында докторлық диссертацияны сәтті қорғадыңыз.

 С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Кәсіптік оқыту» факультетінде этнопедагогика, кәсіби педагогика, жалпы педагогика бойынша  студент жастарға дәріс оқыдыңыз.                   2007 жылы жоғары педагогикалық шеберлігіңіз үшін «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантына ие болдыңыз. Сіздің жетекшілігіңізбен 2 кандидаттық диссертация қорғалды. Жапония, Франция, Түркия, Ресей, Өзбекстанда өткен халықаралық конференцияларға қатысып, өз ой-пікірлеріңізді білдірдіңіз.

6 монография, көптеген оқу құралдары, әдістемелік ұсыныстар, барлығы 100-ден артық ғылыми еңбек – Сіздің қажырлы еңбегіңіздің жемісі деп білеміз. Сонымен қатар,  Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін дайындауға үлкен үлес қосып, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар әзірлеуге атсалысып жүрген ғалымдардың бірісіз.

Өзіңізді ұлттық тәрбие мәселелері бойынша жүргізілетін телехабарларда тұрақты психолог-кеңесші, еліміздің ғана емес, көрші қырғыз, өзбек оқырмандары сүйіп оқитын прозаик ретінде танимыз.

Құрметті Гүлзамира Жорақызы!Академия ұжымы Сізді ақжарқын, көпшіл мінезіңіз, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білетін қасиетіңіз, жоғары үмітшіл көңіл-күйіңіз үшін сыйлайды. Өнегелі отбасының ұйытқысысыз, адал жар, ұл-қыз бен немере тәрбиелеп отырған бақытты жансыз.

Осынау атаулы мерекеде Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, табысты асулар тілейміз.

 

 

Құрметпен,

Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясының

президенті                                                                                               Ж. Жылбаев

 

вернуться к списку