Новости
Академия қызметкерлері Өмірзақ Озғанбаевпен кездесті
21.10.2021
132

 

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының 100 жылдық мерейтойы қарсаңында әртүрлі жылдары Академияны басқарып, оның дамуына айрықша үлес қосқан тұлғалармен кездесулер өткізу жалғасуда.

Бүгін 1999-2001 жылдары Академияға басшылық еткен Өмірзақ Озғанбаевпен кездесу өтті. Жиынға Ғани Бейсембаев және Академия қызметкерлері қатысты.

Өмірзақ Озғанбаев отандық білім мен ғылымның дамуы, ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтардың маңызы туралы баяндады.

Сондай-ақ Академия қызметінің ерекшеліктері туралы естеліктерімен бөлісіп, қазіргі даму перспективаларына қатысты өз көзқарастарын білдірді.

вернуться к списку