Новости
Ғасырға толы Академия тарихынан... (жалғасы)
21.10.2021
133

Қоғамтану, құқық пәндері бойынша мемлекеттік білім стандартыныңжетілдірілген жобасы 2002 жылы бекітіліп, басылып шықты. Пән бағдарламалары да үнемі жетілдіріліп отырды. 9-сыныпқа арналған жаңа буын оқулығы «Адам. Қоғам. Құқық» толық кешенде екі тілде 2000-2001 жылдары жарияланып, тәжірибелік байқау жүргізілетін мектептерге ұсынылды.

2003 жылы қоғамдық-гуманитарлық бағдарлы мектептің 10, 11-сыныптарына арналған «Қоғамдық білім негіздері», жаратылыстану-математикалық бағдарлы мектептің 11-сыныбына арналған «Адам және қоғам» курстары кешенімен байқау оқу құралдары ретінде басылды.

1997-2002 жылдар арасында «Қоғамдық білім негіздері» деген атпен төрт негізгі курс, онға жуық қолданбалы және таңдау курстары бар ұстанымды жаңа пән толық қалыптасты. Бұл еңбектер жетекші ғылыми қызметкер, ф.ғ.к. Қ.М. Жүкешевтің басшылығымен жүзеге асты.

Салыстырмалы түрде алғанда мәдениеттану пәндерін ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету баяулау жүрді. Дегенмен, 1999-2002 жылдары бұл пәндерден де мемлекеттік білім стандарттары, жаңа бағдарламалар, жаңа буын окулықтары мен оқу-әдістемелік кешендер жасалып, тиісті талқылаулар мен сынақ-байқаудан өтіп, жалпы білім беретін мектептерге жаппай енгізілді. Осы пәндердің білім стандарттарын, жаңа бағдарламалары мен оқулықтарын, оқу-әдістемелік кешендерін дайындау және тәжірибеге енгізу музыкадан – институттың АҒҚ Ж.Ж. Еңсеповтың, бейнелеу өнерінен – АҒҚ З.Ш. Айдарованың, дене шынықтыру пәнінен профессор Ю.Ғ. Төлеуғалиев пен мектеп мұғалімі С. Тайжановтың тікелей қатысуымен жүзеге асты.

вернуться к списку