Новости
«Қазақ тілі пәнін оқытудағы жаңа ізденістер, көзқарастар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
18.10.2021
113

Академияның «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан тарихы» зертханасының ұйымдастыруымен «Қазақ тілі пәнін оқытудағы жаңа ізденістер, көзқарастар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты ф.ғ.к., профессор Шанжархан Бекмағамбетовтің ұзақ жылдар бойы зерттеп жүрген тақырыбы генетикалық тіл ғылымы теориясының кейбір элементтерін  мектеп бағдарламасына енгізу туралы ұсыныс хатын талқылау болды.

Дөңгелек үстелге ұсыныс хат авторымен қоса, жоғары оқу орындарының профессорлары, ғалымдар мен мектеп мұғалімдері, мектеп оқулықтарының авторлары, әдіскер-ғалымдар қатысты.

Талқылау қорытындысы бойынша ғалымның жаңалығы ғылымға  үлкен сілкініс әкелетін, жаңа бағыттағы теория екендігі айтылып, дегенмен, генетикалық тіл ғылымындағы жаңа көзқарасты мектеп бағдарламасына енгізуге әлі ерте деген тұжырым жасалды. Себебі ол ғылыми ортада әбден талқыланып, оның ғылыми жүйесі, ережесі, анықтамалығы, оқыту әдістемесі жасалуы тиіс. Бұл үдеріс – өте кешенді және уақытты керек ететін үдеріс.

вернуться к списку