Новости
Ғасырға толы Академия тарихынан... (жалғасы)
11.10.2021
126

Жаратылыстану-математика пәндерін оқыту зертханасы. 1998-1999 жылдары физика, математика, информатика, экономика және сызу пәндері зертханасын п.ғ.д., профессор Б.Баймұқанов, ал химия, биология, географияны оқыту зертханасын п.ғ.д., профессор И.Н.Нұғыманов басқарды.

  • жылы жаратылыстану-математика пәндерін оқыту мазмұны мен әдістері зертханасы құрылды. Оны п.ғ.д., профессор Е.Шәкілікова басқарды. Бұл жылдары зертхана қызметкерлері «Жаратылыстану-математика пәндерінен оқу-әдістемелік кешендерге қойылатын талаптар жүйесін дайындау» жобасы бойынша зерттеу жұмыстарын жалғастырды.
  • жылы мектептегі жаратылыстану-математика пәндері білім мазмұнын берудің жаңа тәсілдерін сараптаудың нәтижесінде алғашқы стандарттан мазмұны, құрылымы жөнінен ерекшеленетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары жарық көрді.

Стандартта берілген базалық білім мазмұны негізгі мектепке арналған байқау оқулықтарында жүзеге асырылды.Төл оқулықтарды дайындауға зертхана қызметкерлері С.Е.Шәкілікова (Геометрия –9), Б.Б.Баймұқанов (Алгебра –7, 8), Р.Башаров, Д.М.Қазақбаева, О.Тоқбергенова т.б. (Физика және астрономия – 7, 9), Қ.Ж.Ағанина (Геометрия – 7, Экономикалық білім негіздері – 5-11), Ш.Ш.Кәрібаева (Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы – 9), Р.Н.Жұмаділова (Химия –8,9,11), Қ.Ә.Жұмағұлова (Биология –6) қатысты (2001-2002). Бұл оқулықтар 2000 жылдан бастап тәжірибелік байқаудан өткізу үшін республикадағы тірек мектептерге таратылды.

Институттың қоғамдық пәндерді оқыту зертханасы тарих, қоғамтану, құқық пәндерін зерттеді.

Қоғамтану, құқық пәндері бойынша Мемлекеттік білім стандартының жетілдірілген жобасы 2002 жылы бекітіліп, басылып шықты. Пән бағдарламалары даүнемі жетілдіріліп отырды. 9-сыныпқа арналған жаңа буын оқулығы «Адам. Қоғам. Құқық» толық кешенде екі тілде 2000-2001 жылдары жарияланып, тәжірибелік байқау жүргізілетін мектептерге ұсынылды. 2003 жылы қоғамдық-гуманитарлық бағдарлы мектептің 10, 11-сыныптарына арналған «Қоғамдық білім негіздері», жаратылыстану-математикалық бағдарлы мектептің 11-сыныбына арналған «Адам және қоғам» курстары кешенімен байқау оқу құралдары ретінде басылды. 1997-2002 жылдар арасында «Қоғамдық білім негіздері» деген атпен төрт негізгі курс, онға жуық қолданбалы және таңдау курстары бар ұстанымды жаңа пән толық қалыптасты. Бұл еңбектер жетекші ғылыми қызметкер, философия ғ.к. Қ.М.Жүкешевтің басшылығымен жүзеге асты.

вернуться к списку