Новости
Құрметті ұстаздар, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
1.10.2021
117

Құрметті ұстаздар, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы қажырлы әрі адал еңбектеріңіз бен қазақстандық педагогиканың үздік дәстүрлерін заманауи жаңашылдықтармен үйлестіре білгендеріңіз үшін алғысымыз шексіз!

«Алты алаштың басы қосылғанда ең мәртебелі орын ұстаздарға тиесілі» деп ұлт зиялысы Мағжан Жұмабаев айтқандай, қай заманда да ұстазға деген құрмет шексіз, ұстаздықтың шоқтығы биік.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, сарқылмас шығармашылық шабыт, биік мақсаттарға жету жолында қажырлы қайрат тілейміз!

Ізгі тілекпен, Академия ұжымы

вернуться к списку