Новости
Ғасырға толы Академия тарихынан... (жалғасы)
13.09.2021
121

Ғасырға толы Академия тарихынан... (жалғасы)

 

Екінші тіл мен әдебиетті оқыту зертханасы 1991-2002 жылдары «Орыс, қазақ мектептерінде орыс тілі мен әдебиетінің білім мазмұнын жетілдірудің ғылыми-әдістемелік негіздері», «Орыс тілі мен әдебиетінің әдістемелік жүйесін жетілдірудің ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыптарын зерттеді. Зерттеу міндетіне сай осы пәндерден жалпы орта білім стандарты, тұжырымдамалар, оқу бағдарламалары, жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері дайындалды.

 

Осы жылдар аралығында белсенді түрде жүргізілген жұмыстардың бірі – мектептегі білім беру жүйесінде орыс тілін екінші тіл ретінде оқыту мен оны әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру болды.

 

Атап айтқанда, 1991-1992 жылдары «Қазақ мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті» пәні тұжырымдамасының жобасы әзірленді (бөлім меңгерушісі – Н.Б. Абаева).

 

1995 жылдан бастап қазақ мектебінің бастауыш сыныптарында орыс тілін оқыту әдістемесінің (Г.А. Бадамбаева мен Қ.Л. Қабдолова) жүйелі курсы (педучилище, педколледж оқушыларына арналған оқулық) дайындалды.

 

1997-1998 оқу жылында Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріне жаңа буын оқулықтары енгізіле бастады. «ҚР жалпы білім беретін мектептері үшін оқулық және ОӘК-ді дайындаудың, басып шығарудың және таратудың мақсатты бағдарламасына» сәйкес 1997-1998 оқу жылынан бастап 1-3 сынып оқушылары оқытудың жаңа мазмұнына көшті және жаңа отандық оқулықтармен қазақ, орыс және ұйғыр тілдерінде оқи бастады. Жаңа буын оқулықтары мен олардың кешендерін даярлауға З.К. Ахметжанова, В.В. Бадиков, Г.Ф. Гуревич, Л.К. Жаналина, Ұ.А. Жанпеисова, Ө.З. Иманғожина, Қ.Ө. Құнақова, Н.Н. Шманова және т.б. белсене қатысты.

 

Қазақ мектептері, сондай-ақ орыс, ұйғыр және өзбек тілдерінде оқытатын мектептерге арналған орыс тілі мен әдебиеті бойынша жаңа буын оқулықтары авторларының арасында ғалымдар, мұғалімдер мен әдіскерлер (С.Ж. Әбішева, Х. Әдібаев, В.В. Бадиков, М. Жүсіпов, Л.К. Жаналина, У.А. Жанпеисова, Г.А. Қажығалиева, Л.Т. Килевая, М.Р. Қондыбаева, К.У. Қонақова, В.К. Павленко, З.К. Сабитова, В.В. Савельева, Ж.Х.Салханова, Н.Ж.Шаймерденова, Т.А.Әбжанова, Ш.Темірбекова, Г.Ф.Гуревич, Р. Ибраева, Р.К. Шаймакова, С.И. Тусеева, Г.А. Бадамбаева, Н.Н. Шманова, Т. Чаплышкина, Л. Рыгалова, Г.Г. Лұқпанова, Г.З. Шашкина, Ф.Г. Брулева, Г.Д. Аульбекова, М.М. Хавайдарова және т.б.) бар.

 

 

 

вернуться к списку