Новости
Ғасырға толы Академия тарихынан... (жалғасы)
10.09.2021
135

Ана тілі мен әдебиетін оқыту зертханасы. 1993 жылы Институттың Білім проблемалары институты болып өзгеруіне байланысты бөлімдердің де атаулары өзгерді: қазақ тілін оқыту, қазақ әдебиетін оқыту, орыс тілін оқыту, орыс әдебиетін оқыту зертханалары.

Бұл кезеңде қазақ әдебиеті әдістемесі бойынша жаңабағыттағы ізденістер кең өріс ала бастады. К. Құрманбаеваның «Қазақ әдебиетін оқытуда оқушылардың табиғатқа ізгілік қатынастарын қалыптастыру» тақырыбында диссертация қорғауы, Б. Әрінованың қазақ әдебиетін оқытудың технологияларын жетілдіру сипатындағы зерттеу жұмыстарын жүргізуі соның дәлелі деп айтуға болады.

Сол жылдары сабақ көрнекілігін қамтамасыз ету мақсатында оншақты оқу кинофильмі, отызға жуық диафильм жасалды.

Алғашқы он жылдың аясында қазақ тілінің ең алдымен, республикадағы өзге тілді мектептерде оқытылу ерекшеліктеріне, оның қоғамдық рөліне сәйкес жаңа талаптарға жауап берерлік мәнін айқындау күн тәртібіне қойылды. Бұл орайда белгілі маман Ж. Адамбаеваныңбасшылығымен жаңа ізденістер жасалды. «Өзге тілді мектептердегі қазақ тілінің жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандартының талаптарын»анықтаудың жолдарын іздестіруде осы саланың білікті мамандары Б. Құлмағамбетова, К. Сариева, Ж. Нығмет, Ғ. Сағатовалар нәтижелі зерттеулер жүргізді.

вернуться к списку