Новости
Ғасырға толы Академия тарихынан... (жалғасы)
8.09.2021
137

Ғасырға толы Академия тарихынан... (жалғасы)

 

Республика көлемінде 1988 жылдан 2000 жылға дейін педагогикалық эксперименттер жүргізіліп, нәтижесі көптеген мақалаларда, сондай-ақ Ш. Таубаеваның «Исследовательская культура учителя: методология, теория и практика формирования» (Алматы, 2000) тақырыбындағы монографиясында толық сипатталды.

 

Ғылыми-зерттеу нәтижесі бойынша жарияланған маңызды да көлемді екі монографияны атап өтуге болады: біріншісі Ш.Т. Таубаеваның жоғарыда аталған монографиясы, ал екіншісі Таубаева Ш.Т., Лактионова С.Н. «Педагогическая инноватика как теория и практика нововведений в системе образования: научный фонд и перспектива развития» l-кітап. – Алматы: «Ғылым», 2001.

 

Бастауыш және шағын жинақталған мектептердегі білім проблемалары зертханасында 1990 жылдардың басынан бастауыш білім берудің жалпы іргелі мәселелері бойынша арнайы зерттеу жұмыстары жүргізілді.

 

Зерттеу нәтижесінде «Бастауыш білім мазмұнының тұжырымдамасы»(1993 ж.) жасалды.

 

1990-1993 жылдары зертхана «Жалпы білім беретін мектептердегі тіл мен әдебиет пәндері мазмұнын, оқыту формалары мен әдістерін жаңартудың ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбы бойынша зерттеу жұмысын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде «Қоғам және мектеп реформасына сай қазақ тілін оқыту тұжырымдамасы» (Р.С. Әмір), «Әдеби білім тұжырымдамасы» (Ә. Дайырова), «Орыс тілді мектептерде қазақ тілін оқыту тұжырымдамасы» (Б. Құлмағамбетова), «Концепция обучения русскому языку», «Концепция обучения русской литературе» және т.б. жасалды.

 

1993 жылы әлеуметтік талаптар негізінде орыс тілді мектептердегі қазақ тілін оқыту зертханасы жеке құрылды (меңгерушісі – филол.ғ.к., доцент Б. Құлмағамбетова). Ал, ана тілі ретінде оқылатын қазақ тілі зертханасын филол.ғ.д., профессор Р.С. Әмір басқарды.

1997 жылдан бастап қазақ, орыс және ұйғыр мектептерінің 1-4-сыныптардағы барлық пәндер бойынша жаңа буын оқулықтары және оған қосымша ОӘК дайындалып, жарияланды.

1998 жылы қазақ, орыс, ұйғыр мектептері үшін барлық пәндер бойынша «Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысының оқу бағдарламалары» (1-4 сыныптар), «Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасы» (жетекшісі – К. Жүнісова) жарияланды.

вернуться к списку