Лаборатория методики преподавания языков
Ы. Алтынсарин Ұлттық білім академиясының ғалымдары Түркістан облысында өткен тамыз кеңесіне қатысты
23.08.2021
134

Ы. Алтынсарин Ұлттық білім академиясының ғалымдары

Түркістан облысында өткен тамыз кеңесіне қатысты

 

Ы. Алтынсарин Ұлттық білім академиясының ғалымдарының қатысуымен Түркістан облысында педагогтердің Тамыз конференциясы өтті. Академия ғалымдары Түркістан облысы, адами әлеуетті дамыту басқармасы, Түркістан облыстық Әдістемелік орталығының психологиялық қызмет бойынша «Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет: арнайы бағыттарды басшылыққа ала отырып, жұмыстарды жүйелеу және әдістемелік сүйемелдеу» тақырыбында секция жұмысына қатысты.

 

Секция мақсаты – білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметті жетілдіру және әдістемелік сүйемелдеу болып табылады.

 

Секция жұмысы барысында Ы. Алтынсарин Ұлттық білім академиясының ғылыми қызметкері Б. Сақтағанов «Жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың психологиялық аспектілері және олардың агрессия деңгейін төмендету жолдары» тақырыбында баяндама жасады.

 

Секциялық отырыс барысында ерте жастағы баланың зейін жетіспеушілігі мен гипербелсенділік синдромы бар балалар ерекшеліктерін бақылау және дамытуға арналған әдістемелер, педагогтердің эмоциялық зиятын дамытуда: диагностика, алдын алу, ағарту, түзету-дамыту, кеңес беру жұмыстарын қолдану тиімділігі, бала бойындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу және олардың агрессия деңгейін төмендету бойынша жеке кеңес беру мәселелері талқыланды.

 

Отырыс соңында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен Өңірлік әдістемелік орталықтың психологиялық қызметі білім беру саласындағы психологиялық қызметті одан әрі әріптестікте күшейтуге уағдаласты.

 

вернуться к списку