Новости
Ғасырға толы Академия тарихынан...
19.07.2021
130

Құрметті сайт оқырмандары!

 

Биыл, 2021 жыл Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының құрылғанына 100 жыл толғалы отыр!

Ғасырмен тоғысқан осы бір уақыт өлшеміне ой жүгірту бүгінгі күнді дәйектеу және болашақты болжамдау үшін маңызды...

Академияның құрылуындағыалғашқы күндер – алаштың ардақтысы, ұлт қайраткері А. Байтұрсынов есімімен тығыз байланысты.

1921 жылдан бастап қалыптасуының негізгі кезеңдері мен қызмет ету тарихы жөнінде, халық алдындағы қастерлі міндетін, білім беру жүйесінің ХХ ғасырдан бергі әдістемелік және ғылыми-әдіснамалық қамтамасыз ету жолының таңбалы тарихын, Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық білім беру бағдарын Сіздермен бөлісетін боламыз.

Осы 100 жылдық мерейтой қарсаңында Академия «Ғасырға толы Академия тарихынан» атты ерекше формадағы жобасын іске қосады. Бұл білім, білігімізді арттыруға, жаңа тарихи деректерді игеруге мүмкіндік береді деген үміттеміз.

Бізбен бірге болыңыздар!

вернуться к списку