Новости
КЕЗЕКТІ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ
16.07.2021
138
Бүгін, 16-шілде күні Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының кезекті ғылыми-әдістемелік кеңесі өтті. Отырысқа қатысушы ғылыми қызметкерлер «Критериалды бағалау жүйесін енгізудің қорытындысы бойынша әдістемелік ұсынымдарды» және жалпы орта білім беретін мектептердің 1-11 сыныптарына арналған ұлттық құндылыққа негізделген тәрбие бағдарламасын талқылады.
«Критериалды бағалау жүйесін енгізудің қорытындысы бойынша әдістемелік ұсынымдаманың» мақсаты – критериалды бағалау жүйесінің оңтайлылығын анықтау (оқыту мақсаттарына сәйкестігі, қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың қолданылуы, жетістік критерийлерінің қолайлылығы).
Әдістемелік ұсынымдамаға материалдар негізінен «Күнделік» порталынан алынған 2018-2019, 2019-2020 оқу жылдарындағы республиканың барлық өңірлері білім алушыларының білім сапасы бойынша деректерден құрастырылды. Сонымен қатар осы бағалау жүйесі туралы педагогтерден алынған сауалнама қорытындылары кірді.
Талқылау нәтижесінде берілген әдістемелік ұсынымдамаға оң баға берілді және алдағы уақытта критериалды бағалау жүйесін жетілдіру бағытында қосымша шаралар қабылдау қажеттігі айтылды.
вернуться к списку