Новости
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасының орынбасары Олжас Ордабаевпен кездесу
8.07.2021
118
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясына «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасының орынбасары Ордабаев Олжас келіп, академияның жұмыстарына қызығушылық танытты. Кездесу барысында Олжас Темірбекұлы Академияның тынысымен танысып, өзінің ойын ортаға салып, Академияның алдағы мақсаттарына бірлесіп үлес қосатындығын баяндады. Ғылыми негізделген білімді сынақтан өткізу жұмысының барысын түсініп, кәсіби бағдар беруде Академия әлеуетіне сенім білдірді.
Жиын соңында Академияның 100 жылдығы аясында Ғани Бектайұлы естелікке «Академия тарихы» еңбегін сыйға тартты.
вернуться к списку