Новости
Бас редакторлар клубының жетекшісі, журналист Бибігүл Жексенбай Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясын 100 жылдығымен құттықтады
7.07.2021
139

Бас редакторлар клубының жетекшісі, белгілі журналист Бибігүл Жексенбай Қара шаңырақ - Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясын 100 жылдығымен құттықтады. Отырыс барысында алдағы өткізілетін іс-шаралар жоспарымен танысты. Ұлттық білім академиясының 2023 жылға дейінгі стратегиялық даму бағыты баяндалды. Ғылымға негізделген білім бойынша дайындалып жатқан жобаларға қызығушылығын білдіріп, алдағы әріптестікке ықтиярлық танытты. Кездесу соңында Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен бірлесіп, әріптестікті күшейтуге тілегін жеткізді.

вернуться к списку