+7 7172 72-59-73
info@nao.kz
+7 7172 72-59-73
info@nao.kz
Новости
«Тілім менің – тірлігімнің айғағы» командалық олимпиадасы
5.06.2021
133
2021 жылғы маусымның 4-інде Нұр-Сұлтан қаласының №52 мектеп-гимназиясының базасында п.ғ.д., профессор  Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша білім алған бастауыш, орта, жоғары сынып оқушыларының Бірінші халықаралық «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты ауызша командалық олимпиада өтті.  
Олимпиадаға сарапшы ретінде Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қызметкерлері А.Мукушева, Н.Балкунова, Т.Бәлкен қатысты. 
Бірінші халықаралық олимпиадаға «Сатылай-кешенді оқыту» технологиясы қолданылатын  Қазақстанның Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мектептерінің білім алушылары және Моңғолия Республикасының Баян-Өлгий аймағының Өлгий сұмының №5 мектебі мен Өлгий қалалық жалпы білім беретін №4 мектебінің оқушылары қатысты. Олимпиадаға қатысушылар саны – 67. Алматы қаласының №174 мектебінің білім алушылары және Моңғолия Республикасы мектептерінің оқушылары үшін олимпиада қашықтықтан  ZOOM платформасында өткізілді. 
Олимпиадада мектеп оқушыларының оқитын сыныбына қарай 2-, 4-сыныптарға «Қазақ тілі» және «Әдебиеттік оқу» пәндерінен,  6-сыныптарға «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті», 10-сынып оқушыларына «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Ағылшын тілі», «Алгебра» оқу пәндерінен тапсырмаларды ауызша орындау ұсынылды. Нұр-Сұлтан қаласы мектептерінің оқушылары олимпиадада қазақ, орыс тілдерімен қатар ағылшын, қытай тілдерін меңгергендерін көрсетсе, Моңғолия Республикасынан олимпиадаға қатысушылар қазақ тілін жетік меңгергендерін көрсете білді. Олимпиадаға қатысқан оқушыларға қатысушы куәліктері табысталды.
вернуться к списку