+7 7172 72-59-73
info@nao.kz
+7 7172 72-59-73
info@nao.kz
Новости
Жаңа ғасырдағы Академияның жаңа даму басымдықтары нақтыланды
2.06.2021
115

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өтеді. Осыған орай академияда жыл басынан бері атқарылған жұмыстар қорытындыланып, 2023 жылға дейінгі Даму стратегиясы ұсынылды. Кеңесте әлемдік білім кеңістігінде Қазақстандық білім брендін нығайту, білім беру саласындағы ғылыми негізделген оқу-әдістемелік, озық инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу жөніндегі отандық көшбасшы орталыққа айналу, академияның негізгі құндылықтары айтылды. Кеңес барысында Академия президенті, PhD докторы Ғани Бейсембаев білім берудегі ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру, білім беру саласындағы ғылыми-зерттеулерді заманауи қоғам өміріне сай жоспарлау және жүргізу қажеттігін атап өтті.

вернуться к списку