+7 7172 72-59-73
info@nao.kz
+7 7172 72-59-73
info@nao.kz
Новости
Саналы ұрпақ – ұлт болашағы
2.06.2021
110

Бүгін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитетінің ұжымы Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен кездесті. Кездесу барысында Академияның Психология, тәрбие және тұлғаны дамыту орталығының қызметі таныстырылып, Комитетпен бірлесе атқарылатын жұмыстар бағыты талқыланды.

Білім беру жүйесіндегі білім алушылардың деструктивті мінез-құлқының тәуекелдерін төмендету, мектеп пен отбасы қарым-қатынасын нығайту, психологиялық денсаулығы мықты білім алушыны қалыптастыру мәселелері қаралды. Нәтижесінде біріге атқаратын іс-шаралар жоспары мақұлданды.

вернуться к списку