+7 7172 72-59-73
info@nao.kz
+7 7172 72-59-73
info@nao.kz
Новости
Ұлттық білім академиясында «Балапан саз» радиобайқауының жеңімпаздары марапатталды
1.06.2021
136

2021 жылғы 1 маусымда Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балапан саз» радиобайқауының қорытындысы жарияланып, жеңімпаздарға Алғыс хаттар табысталды. Академия президенті Ғ. Бейсембаев кіріспе сөзінде «Балапан саз» республикалық радиобайқауының маңыздылығына, берер тәрбиелік мәніне назар аударып, көркем дүние жазған ақын-композиторларға, шәкірт тәрбиелеп отырған ұстаздарға өз ризашылығын білдірді.

Балалар арасындағы мұндай өнер байқауының өтуі, сол арқылы шығармашыл азаматтардың елге танылуы  - қоғамға қажет фактор.

«Балапан саз» радиобайқауының міндеттері: еліміздегі ақын-сазгерлерді балалар әндерін жазуға шабыттандыру;

-Мектеп жасындағы өнерпаздарды  өз жас  ерекшіліктеріне сәйкес  ән орындауға баулу;

-Балалар әндерінің ана тілді насихаттауда, тәрбиелік мәнін тыңдарманға ұғындыру;

-Балалар әндерін насихаттап, жас таланттарды анықтау.

«Балапан саз» радиобайқауы Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Ұлттық білім академиясының 100, ағартушы-ұстаз Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай ұйымдастырылды.

вернуться к списку