+7 7172 577 203
info@nao.kz
+7 7172 577 203
info@nao.kz
Методические разработки
Перечень методических пособий для малокомплектных школ и опорных школ (ресурсных центров)
30.10.2013
140
Перечень методических пособий для малокомплектных школ и опорных школ (ресурсных центров)

1. Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында бірпәндік оқыту принциптері. Әдістемелік құрал. 48 бет.

 

Әдістемелік құралда шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарына арналған сабақтардың дидактикалық принциптері, олардың құрылымы және оқытудың әдіс-тәсілдері мен ұйымдастыру әдістемесі ұсынылған. Сондай-ақ шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарына арналған бірпәндік сабақ жоспарларының үлгілері берілген.

Бұл әдістемелік құрал шағын жинақты мектеп мұғалімдеріне, білім саласы мамандарына, әдіскерлеріне, осы саланы зерттеушілерге, студенттерге арналған.

 

2. Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында біртақырыптық оқыту принциптері. Әдістемелік құрал. 63 б.

Әдістемелік құралда біртақырыптық оқыту прициптері негізінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеру, әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру жолдары туралы нақты нұсқаулар берілген. Сондай-ақ шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарына арналған бірпәндік сабақ жоспарларының үлгілері ұсынылған.

Бұл әдістемелік құрал шағын жинақты мектеп мұғалімдеріне, білім саласы мамандарына, осы саланы зерттеушілерге, студенттерге арналған.

 

3. Шағын жинақты мектептің біріктірілген 5, 6-сыныптарында ағылшын тілін кіріктіре оқыту. Әдістемелік құрал. 65 б.

Әдістемелік құралда шағын жинақты мектептің біріктірілген 5, 6-сыныптарында ағылшын тілін кіріктіре оқытудың теориялық аспектілері мен әдістемелік жүйесі ұсынылған.

 

4. Тірек мектебінде (ресурстық орталықта) бейінді оқытуды ұйымдастыру әдістемесі. Әдістемелік құрал. 51 б.

Әдістемелік құралда тірек мектебінде (ресурстық орталықта) бейінді оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері, сессия және сессияаралық кезеңдерде оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың әдістемелік жолдары ұсынылған. Еңбек тірек мектеп (ресурстық орталық) қызметін ұйымдастыруда және жетілдіруде көмекші құрал болып табылады.

Бұл әдістемелік құрал тірек мектеп (ресурстық орталық) басшыларына, педагогтеріне, білім саласы әдіскерлеріне, осы саланы зерттеушілерге арналған.

 

5. Шағын жинақты мектепте көптілділікті оқыту мәселелері. Әдістемелік құрал. 67 б.

Әдістемелік құралда шағын жинақты мектепте көптілділікті оқыту мәселелерін оқытудың теориялық аспектілері мен әдістемелік жүйесі ұсынылған.

Бұл әдістемелік құрал шағын жинақты мектеп пен ресурстық орталық мұғалімдеріне, әдіскерлеріне арналған.

 

6. Тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі. Әдістемелік құрал. 68 б.

Әдістемелік құралда тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайындатәрбие  жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі ұсынылып, тәрбие жұмысының басым бағыттары, мақсаты  мен міндеттері, ұстанымдары көрсетіліп, сыныптан тыс өткізілетін тәрбиелік іс-шаралардың әдістемелік жоспарлары берілген.

Бұл еңбек шағын жинақты мектеп мен тірек мектебіндегі (ресурстық орталықтағы) тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарларына, сынып  жетекшілеріне, мұғалімдер мен әдіскерлерге және осы саланы зерттеушілерге арналған.

 

7. Тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында мұғалімді бейіндеп даярлау мәселелері. Әдістемелік құрал. 69 б.

Бұл еңбекте тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында мұғалімді бейіндеп даярлау мәселелері және оларды шешу жолдары жан-жақты қарастырылып, бейінді оқытуға көшу жағдайында тірек мектебі (ресурстық орталық) мұғалімдерінің теориялық және практикалық дайындығын, яғни педагогикалық шеберлігін, жетілдіру жолдары көрсетіледі.

Әдістемелік құрал шағын жинақты мектеп мұғалімдеріне, тірек мектебі (ресурстық орталық) басшыларына, білім саласы әдіскерлеріне, осы саланы зерттеушілерге арналған.

Бұл әдістемелік құрал шағын жинақты мектеп мұғалімдеріне, білім саласы мамандарына, әдіскерлеріне, осы саланы зерттеушілерге, студенттерге арналған.

 

8. Шағын жинақты мектеп мазмұнының аймақтық компонентін жетілдіру. Әдістемелік құрал. 49 б.

Бұл әдістемелік құрал Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
23 тамызындағы №1080 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты негізінде әзірленді, білім беру мазмұнының негізін қалаушы аспектілері, Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінде қамтылады.

Әдістемелік құралда жаратылыстану циклі пәндерін біріктіру негізінде қалыптасатын оқу құзыреттерін айқындау ерекшеліктері айқындалып, осы цикл пәндерінің бірігуі негізінде көп пәндік оқу құзыреттерінің қалыптасуының ғылыми-әдістемелік негіздері анықталды. Жаратылыстану циклі пәндерінің біріктірілген мазмұндық ресурстары пайдаланылған тапсырмалар мысалдары әзірленіп, сабақтарда оларды пайдалану әдісі көрсетіліп, біріктірілген мазмұнды сабақтарды өткізудің жобалық жоспары ұсынылады.

Ұсынылып отырған әдістемелік құрал әдіскерлер, мектеп пен колледж мұғалімдері және педагогикалық жоғары оқу орндарының тисті мамандықтары студенттері, оқулықтар мен ОӘК авторлары және баспаларға арналған.

вернуться к списку