+7 7172 72-59-73
info@nao.kz
+7 7172 72-59-73
info@nao.kz
Жаңалықтар
Академия қызметкерлерінің ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетімен кездесуі
8.01.2021
114

2021 жылдың 08 қаңтарында Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА Президенті Ғани Бейсембаевтың бастамасымен Академия қызметкерлерінің ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетімен онлайн кездесуі өтті.

Онлайн кездесуге Комитет төрайымының орынбасары Ғалым Арғынғазин және Комитет мамандары, сондай-ақ өңірлердегі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшылары қатысты. Кездесу барысында білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

Президент Ғани Бейсембаев аталған мәселелерді шешу үшін Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА мен ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің келешектегі өзара ынтымақтастықтың жолдарын ұсынды.

тізімге қайтып келу