2021 жылдың 08 қаңтарында Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА Президенті Ғани Бейсембаевтың бастамасымен Академия қызметкерлерінің ҚР БҒМ Ғылым комитетімен онлайн кездесу өтті.
Онлайн кездесуге Комитет төрайымы Жанна Құрманғалиева және Комитет мамандары, сондай-ақ ҚР БҒМ «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық, Ақпараттық-аналитикалық орталықтардың басшылары қатысты. Кездесу барысында таяу арадағы білім саласындағы ғылыми зерттеулер бойынша өзекті мәселелер талқыланды.
Президент Ғани Бейсембаев мәселелерді шешу үшін Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА мен ҚР БҒМ Ғылым комитетінің келешектегі өзара ынтымақтастықтың жолдарын ұсынды.