2021 жылдың 06 қаңтарында Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА Президенті Ғ.Б. Бейсембаевтың бастамасымен Академия қызметкерлерінің ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетімен онлайн кездесу өтті.
Онлайн кездесуге Комитет төрайымы М.Т. Мелдебекова және Комитет мамандары қатысты. Кездесу барысында ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және Үкіметтің басқа да тапсырмаларын орындау бойынша өзекті мәселелер талқыланды.
Президент Ғ.Б. Бейсембаев қойылған міндеттерді шешу үшін Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА мен ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің келешектегі өзара ынтымақтастықтың нақты жолдарын ұсынды.