+7 7172 72-59-73
info@nao.kz
+7 7172 72-59-73
info@nao.kz
Жаңалықтар
ҚР БҒМ ведомстволық бағынысты ұйымдарының кездесуі
6.01.2021
169

2021 жылдың 06 қаңтарында Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА Президенті Ғ.Б. Бейсембаевтың бастамасымен ҚР БҒМ ведомстволық бағынысты ұйымдарының онлайн кездесуі өтті. Модератор ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрайымы М.Т. Мелдебекова болды.

Онлайн кездесу барысында Майра Тұрғанбайқызы ҚР БҒМ ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметі мазмұнының жалпы ғылыми негіздерін әзірлеу, өзара іс-әрекеттестік және ынтымақтастық мәселелеріне назар аударды.

Онлайн кездесуге қатысушылар Қазақстан білім беру жүйесін модернизациялаудың маңызды міндеттерін шешуде алдағы уақыттағы өзара қызметтің перспективаларын талқылады, өз ойларын білдірді.

тізімге қайтып келу