Сараптамалық кеңестің отырысының төрайымы – Мелдебекова М.Т., ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы, Мектепке дейінгі және орта білім беру саласының төрайымы; жауапты хатшы – Сейдина М.З., PhD, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА-ның бас ғалым хатшысы.
Сараптамалық кеңестің құрамына РОӘК мүшелері, ғалым-педагогтер мен практик-мұғалімдер, сондай-ақ білім беру саласындағы шақырылған мамандар кіреді.
2020 жылғы 4 қыркүйекте өзерістер мен толықтырулар енгізілген Сараптамалық кеңес туралы ережеге сәйкес сараптамаға ел өңірлерінен 15 педагог жұмысы қабылданды. Алдын ала сараптамадан 3 жұмыс өтті, олар Кеңестің қарауына ұсынылды. Бүгінгі отырыста Сараптамалық кеңес мүшелері талқылағаннан кейін 1 жұмыс бекітілді, қалған 2 жұмыс бектілмеді.
Сараптамалық кеңес мүшелері отырыс соңында педагогтардың жұмыстары туралы мәселелердің өзектілігін атап өтті.