+7 7172 72-59-73
info@nao.kz
+7 7172 72-59-73
info@nao.kz
Жаңалықтар
«Білім берудегі инклюзия» семинары
25.12.2020
192

2020 жылғы 25 желтоқсанда Инклюзивті білім беруді дамыту орталығының қызметкерлері «Кәсіби психологиялық лига»ҚБ, Қазақстан және «Ресей білім беру психологтерінің федерациясы» ЖШҚ ұйымдастырған «Білім берудегі инклюзия» халықаралық онлайн-семинарына қатысты.

Онлайн-семинардың жұмысы келесі бағыттардан тұрды: Инклюзивті білім берудің мәселелері мен перспективалары; Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқытуда балама арнайы әдістерді пайдалану; Жалпы білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалармен психологтің қашықтан жұмысы; Инклюзивті білім беру процесіне қатысушыларға (оқушылар, педагогтер, ата-аналар) психологиялық көмек көрсету және қолдау; Практикалық ұсынымдар. Спикерлер – Ресей Федерациясының ғалымдары мен практиктері өз зерттеулерінің нәтижелері мен жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

тізімге қайтып келу