+7 7172 577 203
info@nao.kz
+7 7172 577 203
info@nao.kz
Жаңалықтар
«Ерекше баланың отбасы» тақырыбындағы II бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференция
19.11.2020
122

2020 жылдың 19 қарашасында Инклюзивті білім беруді дамыту орталығының қызметкерлері Ресей Федерациясы Білім министрлігінің Балалар құқығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясат департаменті ұйымдастырған «Ерекше балалар отбасы» тақырыбындағы II бүкілресейлік ғылыми-практикалық онлайн-конференцияға қатысты.

Конференцияның негізгі мақсаты – ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар ерте және мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды психологиялық-педагогикалық қолдау саласындағы заманауи зерттеулердің нәтижелерін, сондай-ақ ерекше баланың отбасын қолдаудың жаңа нысандары мен форматтарын талқылау.

Конференция жұмысына ЕБҚ бар баланың отбасына көмек көрсету және қолдау саласында жүйелі зерттеулер жүргізіп келе жатқан ғылыми қызметкерлер; ЖОО оқытушылары; мектепке дейінгі, жалпы білім беру ұйымдарының, психологиялық-педагогикалық, медициналық және әлеуметтік қолдау орталықтарының, психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиялардың басшылары мен мамандары, ата-аналар қоғамдық ұйымдарының, әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

тізімге қайтып келу