+7 7172 577 203
info@nao.kz
+7 7172 577 203
info@nao.kz
Жаңалықтар
Кезекті онлайн-кеңес
19.11.2020
140

А.ж. 19 қарашасында Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА президенті Ж. О. Жылбаевтың төрағалығымен республиканың 17 өңірінен облыстық және аудандық әдістемелік кабинеттердің/орталықтардың басшылары қатысуымен кеңейтілген форматта кезекті жұмыс онлайн-кеңесі өткізілді.

ҚР Білім және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша Алматы қалалық білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығының директор орынбасары М.Н.Темербекованың ақпараты тыңдалды.

Кеңес қорытындысы бойынша әр мектепте білім сапасын арттыру мәселесінде әдістемелік кабинеттердің жұмысын жандандыруға баса назар аударылды.

Облыстық және республикалық байқаулардың жеңімпаз мұғалімдерінің, жаңашылдар мен педагогикалық қоғамдастық көшбасшыларының білім беру саласындағы, әсіресе қашықтан оқыту кезеңіндегі ең өзекті сұрақтар мен мәселелерді шешуде әлеуетін тиімді пайдалану туралы ұсыныстар берілді.

Екінші кезеңнің тестілеу қорытындылары айтылды, тыңдаушылар тобы анықталды және біліктілікті арттырудың республикалық онлайн курстарының келесі кезеңнін сабақ кестесі жасалды, ұйымдастыру мәселелері талқыланып, бірқатар тапсырмалар берілді.

тізімге қайтып келу