+7 7172 577 203
info@nao.kz
+7 7172 577 203
info@nao.kz
Жаңалықтар
Ғылыми кеңестің отырысы өтті
18.11.2020
124

2020 жылғы 18 қарашада Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында кезекті Ғылыми кеңестің отырысы өтті. Отырыста Академия орталықтары әзірлеген жиынтық бағалау, «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәнін оқыту, нашақорлық, темекі шегу және алкоголизмнің алдын алу, «Физика», «Химия», «Биология» және «Информатика» оқу пәндерін ағылшын тілінде оқыту, шағын жинақты мектептер жағдайында қосымша білім беруді ұйымдастыру және оқу жетістіктерін бағалау, инклюзия жағдайында 5-9-сыныптардың қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы оқу пәндерінің БЖБ және ТЖБ сараланған тапсырмаларын дайындау және т.б. мәселелеріне арналған әдістемелік ұсынымдар қарастырылды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша қаралған әдістемелік ұсынымдарды басылымға беру туралы шешім қабылданды. Ұсынылған әдістемелік ұсынымдар жобалары жұмыс топтарына кіретін практик-мұғалімдердің қатысуымен құрылды.

Сондай-ақ Ғылыми кеңес отырысында «Білім – Образование», «Қазақстан кәсіпкері – Профессионал Казахстана» және «12 жылдық білім беру – 12-летнее образование» мерзімді басылымдарының қорытынды жұмыстары талқыланды.

тізімге қайтып келу