+7 7172 577 203
info@nao.kz
+7 7172 577 203
info@nao.kz
Жаңалықтар
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында ғалымдар қатары артты
17.11.2020
138
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында  ғалымдар қатары артты

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ж. Жылбаев Ғылыми кеңестің кезекті отырысында қызметкерлердің ғылыми әлеуетін нығайту, ғалымдар санын арттыру және орта білім беру мәселелері бойынша кешенді ғылыми зерттеулер жүргізу мәселелерін көтерді.

Биылғы 2020 жылы Академия қызметкерлерінің құрамында ғылыми дәрежесі бар мамандар саны артып келеді, яғни 5 ғылым докторы, 17 ғылым кандидаты, 3 phD, 17 ғылым магистрі жұмыс істейді.

Академия қызметкерлері: Адамова Манара Елекеновна, Сянзия Кантуреевна, Куралай Кайыржановна Ресей Федерациясының Сібір федералды университетінің «44.04.02. Психологиялық-педагогикалық білім» мамандығы бойынша магистр дипломдарын алды, М.Е. Адамова үздік дипломды иеленді.

Осыған орай Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұжымы магистр дәрежесін растаған қызметкерлерді шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс тілейді. 

тізімге қайтып келу