+7 7172 577 203
info@nao.kz
+7 7172 577 203
info@nao.kz
Жаңалықтар
Теле-сабақтар жобасы туралы ақпарат
16.11.2020
145

2020 жылғы 16-қарашадан бастап «Теле-сабақтар» жобасының жұмысы жалғасуда. 3-тоқсан бойынша барлығы 2540 сабақ Нұр-Сұлтан қаласында 8 студияда, Алматы қаласында 2 студияда түсірілетін болады.  Түсірілім Нұр-Сұлтан қаласы бойынша А.Құнанбаев атындағы №87 мектеп-гимназиясында, Алматы қаласы бойынша Ы. Алтынсарин атындағы №159 мектеп-гимназиясында басталды. 

Нұр-Сұлтан қаласындағы студияларда 5-11 сыныптар бойынша барлық оқу пәндері, сондай-ақ оқыту қазақ және орыс тіліндегі 1-4  сыныптар бойынша Орыс тілі Я2, Қазақ тілі Т2, Ағылшын тілі және Цифрлық сауаттылық оқу пәндері түсірілімі жалғасады.

Алматы қаласындағы студияларда 1-4  сыныптар бойынша Сауаташу, математика, Орыс тілі Я1, Қазақ тілі Т1, Дүниетану, Жаратылыстану оқу пәндері түсірілімі жалғасады.

Түсірілім жұмыстарының басталуына байланысты «Теле-сабақ» жобалық кеңсесінің отырысы өткізілді. Отырысқа ҚР БҒМ атынан жоба жетекшісі – Мұхамедханова Алмагүл Кеңесханқызы, «Хабар» агенттігі атынан жоба жетекшісі Бисембина динара Асқарқызы, жоба кеңсесінің директоры Мұхамеджанова Алма Қаиркенқызы және бас продюссер Тұрсынгазина Әсел қатысты. Телевизиялық сабақтарды түсірудің ұйымдастыру, пандемия жағдайында түсірілім кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және студиялардың жұмысын жоспарлау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қызметкерлері (Досмұхамет А.Д., Ракижанова А.Ж., Бекжанова А.А., Аманжолов Д.А.) студия кураторларымен де сабақ сценарийлерін дайындау, педагогтермен және сарапшылармен онлайн-кеңестер өткізу, телесабақтарды әзірлеу және түсіру сапасын жақсарту міселелері бойынша жиналыс өткізілді.

Ағымдағы оқу жылының үшінші тоқсанындағы оқу пәндері бойынша телевизиялық сабақтарды түсіруді ұйымдастыруға Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының білім беру ұйымдарының педагогтері мен сарапшыларының тізімдері, сондай-ақ Ақмола, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарынан педагогтердің тізімдері қалыптастырылды. Өңірлерден  ТВ-сабақтарын түсіруге қатысуға 40 мұғалім келеді деп жоспарлануда.

тізімге қайтып келу