+7 7172 577 203
info@nao.kz
+7 7172 577 203
info@nao.kz
Жаңалықтар
Білім берудегі инновациялар: ізденіс және шешімдер» VII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
16.10.2020
116

2020 жылғы 16 қазанда сағат 18:00-де Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Білім берудегі инновациялар: ізденіс және шешімдер» VII халықаралық онлайн-конференциясының өз жұмысын аяқтады.

Конференция жұмысына Гонконг, Ресей Федерациясы, Тәжікстан ғалымдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ғалымдары, жоғары оқу орындарының, колледждердің оқытушылары, әдістемелік қызметтерінің мамандары қатысты.

Зерттеушілер мен практиктер үшін құрылған онлайн-диалог алаңында озық идеяларды іздеу, инновациялық тәжірибені талқылау және өзекті міндеттерді іске асыру перспективалары үшін мүмкіндік берілді. Пленарлық және панельдік сессиялар барысында Ресей Федерациясы мен Қазақстанның ғалымдары мен практиктерінің 30-ға жуық баяндамалары ұсынылды.

Ресей Ғылым Академиясы, Орал мемлекеттік экономикалық университеті, Омбы мемлекеттік педагогикалық университеті, Сібір федералды университеті өкілдерінің баяндамалары үлкен қызығушылық тудырды.

Конференцияға қатысушылар білім беруді дамыту перспективаларын, оның заманауи әлемнің сын-тегеуріндеріне сәйкестігін және білім берудің жаңа парадигмасын ілгерілету жолдарын талқылады.

тізімге қайтып келу